№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дәрігер бағдарламаның игілігін көрді

Дәрігер бағдарламаның игілігін көрді


Ауылды көркейтудің бір ғана жолы бар. Ол – жастарды ауылға тұрақтандыру. Ал оны іске ауыруда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орны бар. Бағдарламаның игілігін көргеннің бірі Нұрлан Оразбеков.
Ол 2014 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітіріп, еңбек жолын Алматы қаласында бастаған. Туған жерге деген сағынышы, елге қызмет етемін деген сезімі оны туған ауылына жетеледі. 2017 жылы орталық аурухананың жандандыру бөліміне орналасады.
– Дәрігер болу бала күнгі арманым. Бүгінгі таңда жандандыру бөлімінің анестезиолог-реаниматолог дәрігерімін. Науқастарға түрлі дәрежедегі оталар жасалғанда нархоз беріп, әрі қарай жағдайын бақылап, қажетті емшаралар қолданып, олардың толық сауығып кетуін қамтамасыз етемін. Шұғыл ота жасалып, науқас өмірін аман алып қалу керек болғанда, дамыл таппай, күн-түн демей, жұмыс істейтін сәттер көп болады. Науқас сауғып кетсе, біздің жетістігіміз сол, – дейді дәрігер.
Дәрігердің еңбегін қажетсінбейтін жан бұл өмірде кемде-кем. Өз істерінің нағыз шебері бола білген ақ халатты жандар талай адамның жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді.
– Бөлімде 30-ға жуық маман адам жанын арашау жолында қызмет етеді. Оның сабырлы, салмақты мінезі дәрігерлік қызметке үйлесім тапқан. Жұмыс қанша қиын болғанымен жауапкершілік жүгін көтеріп, жайдарлы жүреді. Адам денсаулығының сақшысы қызметін абыроймен атқарып келеді, – дейді бөлім меңгерушісі Нұрлан Сабырұлы.
Дәрігер болу әрбір адамның қолынан келмейтін мамандық. Оның адам өміріне деген жауапкершілігі, адалдығы маңызды. Сонымен қатар шыдамдылықты, табандылықты, мейірімділікті талап етеді. Дәрігердің жұмысы нормаланған жұмыс күні деп айтуға келмейді.
Туған жеріне адал қызмет етіп жүрген Нұрлан осы жылы бағдарлама аясында берілетін бір жолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй көмегін алып, еңбегінің жемісін көріп жүр.
Ол отбасының тірегі, үлгілі әке, қамқор отағасы.
– Білім адам баласына өмірлік азық, әлі де медицина саласында білгенімнен білерім көп. Бала кезгі мұратым дәрігер болу. Сол жолда 10 жыл білім алу маған ауыр болған жоқ. Қайта ерекше құрылыствы адам физиологиясын зеттеп тануда жалыққан емеспін. Бүгінде жаны қиналып тұрған жанға қуаныш сыйлау мен үшін бақыт. Сол үшін ақ халат киіп жүргенімді мақтан тұтамын. Мемлекет осындай бағдарлама аясында жастарға қолдау білдіріп жатқаны көңіл қуантады, – дейді Нұрлан Оразбеков.
Міне, мемлекеттің жастарға қамқорлығы осы болса керек-ті. Ең қуантатыны, Президент Жолдауында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына мән беруді тапсырды. яғни алдағы уақытта Нұрлан сынды жас мамандардың қатары ауылда көбейеді.




13 қазан 2019 ж. 819 0