№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Есімі ерекше Шамшақар апай

Есімі ерекше Шамшақар апай

«Мұғалім – зор байлық, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» депті ағартушы Константин Ушинский. Сол айтқандай, шәкіртінің бойына ізгілік рухын сіңіріп, адам болудың, адал болудың жолын көрсетіп жүрген Шамшақар Сәулебекқызының еңбегі айтуға тұрарлық. Мұғалімдер күнінде Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған ұстаздың болмыс-бітімі несімен ерекшеленеді? Соған тоқталсақ.

Ол Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп, еңбек жолын №3 мектеп-интернатта бастайды. Мұғалімнің жан-жақты білімді, ізденімпаз, тынымсыз еңбекқорлығы бағаланып, бастауыш сыныптан орта сыныпқа өткен оқушыларға сынып жетекші, яғни негізгі тәрбиеші жұмысын атқарып келеді.
– Еліміздің болашағына жауапты, заманға лайық жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде ұстазға артылар жүк ауыр. Оған білім жүйесінде үздіксіз жүріп жатқан жаңартуларды тағы қосыңыз. Мұның бәрін толығымен меңгеріп кетудің өзі кейде қиынға соғады. Бірақ ұстаздық жолды таңдаған екенсің, кездескен қиындықтан қашпау керек. Олай болса мұғалімдер жаңартылған бағдарламаның игілігін түсініп, тәлімгерге сапалы білім беруге бағытталуы тиіс. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болады, – дейді Шамшақар ұстаз.
Шәкірттерін еңбектен қуаныш табуға үйрете білетін ұстазың болса – бағыңның жанғаны. Ұстаз болсам деген арман-тілекті кейіпкеріміздің жүрегіне бала кезден атасы Уәли ұялатқан екен. Арманы алдамаған атаның немересі жас ұрпақтың жанына білім нәрін құюда сауапты істі адалынан атқарып келеді. Соның жемісі болар еліміздің бас ұстазы, білім және ғылым министрі Аймағамбетовтың алғысына бөленді.
Оны ұстаздың өзі де: «Мен мемлекеттен марапат алған болсам, ол өзім еңбек еткен ұжымға, бүкіл аудан мұғалімдеріне берілген баға деп ұғамын» деп атап өтті.
– Иә, қашан көрсең де ажарлы, сыпайы, сыйлы мінезімен ұжым ортасында құрметке ие Шамшақар Сәулебекқызын нағыз еңбектің адамы дер едім. Өйткені бір минутын да текке өткізбейтін ұстаздың қағидасы «Жан рахатына батқың келсе, жан сала жұмыс істе». Білім мен ғылым басты күшке ие болып тұрған қазіргі заманда әлемнің барлық елдері білім сапасын арттыруға күш салып жатқаны анық. Біздің ел де бұдан қалыс қалмай, саналы түрде көш басында тұруды мақсат етеді. Ал осы армандаған мұратқа жетуде Шамшақардай ұстаздардың еңбегі керек-ақ, – дейді мектеп директоры Ләззат Нәлібаева.
«Ұстаз бақыты – шәкірттерімен бірге қуана білу». Ендеше бүгінгі кейіпкеріміз жайында шәкірті де өз ойын білдірді.
– Мектеп табалдырығын аттаған бойда шәкіртке, балаға деген зор ілтипатын, шексіз махаббатын арнаған жанды ғана ұстаз деуге болады. Осындай ұстаздардың берген білімнің арқасында болар қазіргі күні түрлі салада жұмыс атқарудамыз. Бастауыш сыныптан орта буынға өткенімізде бізді құшақ жая қарсы алған Шамшақар апай мен үшін нағыз ұстаз деген атқа лайықты биік тұлға. Айрықша жаратылыған жан. Бала оқыту, ұстаз болу, бар саналы ғұмырын ұрпақ білімі мен тәрбиесіне арнау – бұл кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін үлкен бақыт. Міне сондықтан Шамшақардай оқытушының алдында тәрбиеленгенім мен үшін зор мақтаныш, – дейді аудандық мәслихат депутаты Арман Мәжитов.
Өмірде адамға үш нәрсе аса жақындығымен ерекшеленеді екен: жарық дүние, артыңдағы ұрпағың, өмірлік жарың. Шамшақар апай осы үш жақынның да жақсылығын жан-тәнімен сезініп, шаңырақтың құт-берекесі болып отырған жан. Ақылды жар, ардақты ана болудан асқан қандай бақыт болуы мүмкін! Бүгінгі кейіпкеріміз отағасының қолдауынан, ұл-қызының сенімінен қуат алса, әйел бақыты деген осы емей немене?

Лаура БИБАСАРОВА
16 қазан 2019 ж. 1 247 0