№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ – БҮГІННІҢ СҰРАНЫСЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ – БҮГІННІҢ СҰРАНЫСЫ


Орыстың ұлы ұстазы Константин Ушинскийдан «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген тәмсіл қалыпты. Сырт көзге кәдімгі мамандардың бірі іспеттес көрінетін ұзтаздық – мамандық атаулының көшбасшысы. Ол ұлағатты ұрпақ тәрбиесіндегі басты тұлға. Осы орайда, аудан жастарының кәсіптік білім алып, оны өмірде жүзеге асыруды бала бойына дағдыландырып жүрген ұстаздың бірі – Жиренбай Әлібаев.
Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пәнінен сабақ беретін мұғалімнің талабы біреу, ол – еңбек пен білімді ұштастырып, оны өмірде өз игілігіне пайдалануды үйрету.
– Кез-келген адам алдымен еңбек етуге дағдылануы керек. Нағыз еңбектің көзін тапқанда ғана шәкірт жетістікке жетеді. Сондықтан, білімгерге сабақ бергенде алдымен оларға практикалық тұрғыда үйретемін. Көзбен көріп, қолмен ұстағанға жетпейді. Мәселен, бала бір моторды бұзып, оны қайта құрағаннан кейін оның қыр-сырын ұға бастайды, – дейді ұстаз.
Қол астында тәрбиеленіп жатқан әр студенттің өмірден өз орнын тауып кетуіне алаңдайтын ұстаздың бала тәрбиесі жолындағы еңбегі ерен. Ол Түркістандағы Түркістан индустриалды педагогикалық техникумын «өндірістік оқыту шебері техник-механик» мамандығы бойынша бітіргеннен бастап, бала тәрбиесімен айналысады. Содан бері 25 жылдан аса ұстаздық етіп, әр кез алысты-жақынды шет елдерден тәжірибе алмасып, білімін жетілдіріп отырған. Мәселен, ертеректе Украинаның Харьков қаласында «автомобиль мектебінің бухгалтерлері» курсын оқып келеді. Ал, 2015 жылы Түркияның Стамбул қаласында біліктілігін арттырған.
– «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады», деп Константин Ушинский айтқандай, ең алдымен ұстаздың өзі білікті болуы шарт. Біздің колледж ұстаздары да осы бағытты ұстанып, әрдайым білімдерін жетілдіріп отырады. Стамбулға екі апталық оқуға барғанымда сол жақтың «Ченчил» деген көпсалалы колледжінен тәжірибе алмастым. Сол елдің 9 автомобиль шығаратын зауытын аралап, ол жақтан көргенімді оқушыларға үйреттім. Сондықтан, ұстаз әрдайым білімін жаңартып, ізденісін тоқтатпағаны дұрыс, – дейді Жиренбай Сандыбайұлы.
Айта кететіні, жылына 170-ке жуық түлек бітіретін колледж білімгерлерінің бәрі дерлік техникалық маман иелері. Оның ішінде «автокөлікті жөндеу шебері» мамандығын ең азы 25 студент алып шығады.
– Бүгінде дәнекерлеуші, көлік электригі мамандарына сұраныс көп. Егер білімгер мамандықтың қыр-сырын жақсы игеріп алса, оның жұмыссыз қалмайтыны анық. Өйткені, дәл қазіргі кезеңбе ауданда білікті көлік электригі мамандары өте аз, – дейді ұстаз.
Иә, Елбасының өзі баса назарға алып, басымдық беріп отырған техникалық мамандықтан білім беру – бүгінгі күннің сұранысы. Ал, ол сұранысқа сай мамандарды дайындау Жиренбай Әлібаев сынды ұстаздардың еңбегі екені анық.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
17 сәуір 2018 ж. 1 913 0