№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өмірі – өнеге, өнегесі – өмір

Өмірі – өнеге, өнегесі – өмір


Зинабдин Шермағамбетовтың ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына қосқан еңбегі ерен. Оның ақсақал ретіндегі ұйытқы істері де көпке үлгі. Елдің жүгін көтерген азамат ТМД елдірін қамтыған «Үлкен халықаралық энциклопедиясына» еніпті. Ағамыздың өзі мақтанғанды жақсы көрмейді ғой. Редакцияға сүйіншіні Зөреш апай сұрай келіпті.


Кітапты қолға алып, парақтап көрдік. Энциклопедияның қақ ортасында Зинабдин Шермағамбетұлының өмір және қызметтік жолы беріліпті. Одан бөлек Ресей, Украина, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдары мен білім саласының ардақтыларын көрдік.
Ағамыздың халықаралық кітапқа енуі заңдылық. Кез-келген жиынның мәнін ашып, мағынасын арттыратын ардагердің еңбек жолы ғибратқа толы. Расында ол кісіні айтқанда ақыл-парасаты терең, рухы биік, көзқарасы кемел тұлға ретінде көз алдымызға келеді. Бәрінен бұрын мінезге бай. Оны адамгершілігі, кемеңгерлігі, бекзат­тығы, кішіпейілдігі үшін ел-жұрты сыйлайды, құрметтейді, «Зәкең» деп жақын тұтады.
Онымен тілдескендегі: «Ұстаздық өнер арғы аталарымнан келген қасиет болуы керек. Әкем Шермағамбет ескіше сауатты молда кісі болатын. Хисса-хикметтер мен ауыз әдебиетінен хабары мол еді. Бала ұстап, оқытып, өмірді танып, қалыптасуына жағдай жасайтын. Соңы көріп өскендіктен, мұғалім болуды жастайымнан мұрат тұттым», – деген ойы ойға оралды.
1965 жылы Зинабдин Шермағамбет­ұлы Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітіреді. Алғашқы еңбек жолын №3 мектеп-интернатта 1-сыныпқа тәрбиешілік пен ән-әуез пәнінен сабақ беруден бастайды. 1966-1967 жылы әскери борышын өтеп келгеннен кейін №54 мектепте бастауыш сынып мұғалімі, сосын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 1973 жылы №239 Кеңес негізгі мектебінің директоры, 1975 жылы №54 мектептің тізгінін ұстай­ды. Осы жылдары «Шығыста Шермағам­бетовтың мектебі» деген түсінік қалыптасады. Мұның бәрі оның іскерлік, ұйымдастырушылық қыз­метіне берілген баға еді. Сіңірілген еңбек жерде қалмайды. 1978 жылы мұғалімдердің республикалық V съезіне делегат болып қатысып, «Қазақ ССР оқу ісінің үздігі» белгісімен марапатталады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әкім­шілік басқару жүйесі енгізілді. Ауданда тұңғыш әкім Ибрагим Әбибуллаев болса, оның идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарына тағайындалады. Сосын білім бөлімін басқарып, мектептердегі оқу үрдісі мен тәрбие процесінің дұрыс жүргізілуіне жауапты болады.
2001-2010 жылдары алғашқы еңбек жолын бастаған №3 мектеп-интернатты басқарады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін болдым, толдым деп үйде жата алмайды. Аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысын қолға алады. Елдік жұмыс, мемлекеттік мүдде жолында ақсақалдармен бірге тізе бүгеді. Осылайша елдің береке-бірлігі жолындағы қызметін жалғастырады.
Бүгінде аталы сөз айтып, жұртты бірлікке шақырып, татулықтың тұра­ғындай болып жүр. Ақсақалдың еңбек жолы қандай кітаптың болмасын маз­мұнын ашып, мәнін арттырады. Міне, елі жақтаған Зекеңнің өмірі-өнеге, өне­гесі-өмір.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
01 қазан 2019 ж. 1 224 0