№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ШЕРМАҒАМБЕТОВКЕ ШЫНАЙЫ ҚҰРМЕТ

ШЕРМАҒАМБЕТОВКЕ ШЫНАЙЫ ҚҰРМЕТ


Академик Зейнолла Қабдолов: «Біз Ғабитты мақтамайық, біз Ғабитпен мақтанайық» деп жазушы Ғабит Мүсіреповті құрметтепті. Сол айтқандай, ақын Адырбек Сопыбеков: «...сенің қуанышыңа бірге күлетін, қиын-қыстау кезде қасыңда жүретін, өнегелі өрендер тәрбиелеп, кез келген алқалы жиында баталы сөз айта алатын тұлға» дейді ұлағатты ұстаз Зинабдин Шермағамбетов туралы.


Талғампаз ақынның шынайы бағасына ілік­кен Зинабдин Шермағамбетұлының бойы­нан парасаттылықтың, бекзаттықтың, тектіліктің лебі есіп тұрады. Ұстаздық жол­да бірнеше буынға сапалы білім, саналы тәрбие сіңірді. Басшылық қызметте жүріп артынан ерген іні-қарындастарына бағыт-бағдар көрсетіп, білікті кадр қалыптастырды. Ардагерлер кеңесінің тізгінін ұстаған жылдары елдің ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігіне белсенді араласты.
Саналы өмірін үйретуге, оқытуға құр­ған тұлғаны қалай ардақтап, құрмет көрсетсек те жарасады. Облыстық арда­герлер кеңесінің алқа мәжілісінде ардақты ақсақалға сондай құрмет көрсетілді. Яғни «Қызылорда облысының Құрметті ардагері» медалін кеудесіне тақты.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары «Шы­ғыста Шермағамбетовтің мектебі» деген түсінікті қалыптастырған азамат №3 мектеп-интернатта тәрбиеші, №54 мектепте мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. №239 Кеңес негізгі мектебі, №54 мектебі, №3 мектеп-интернат директоры болып, білім беру саласына жаңа леп әкелді. Облыстық халық ағарту бөлімінің бастығы (бүгінгі облыстық білім беру басқармасы) Уәли Төрәлиев: «Облыстың шығысында Зинабдин Шермағамбетов басқаратын бір мектеп пайда болды», дейтіні сондықтан. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аудан әкімінің орынбасары, білім бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды.
Өмір өлшемі адамның ісімен баға­ланады демекші, қызмет жолында адалдығы мен әділдігі, тұрақтылығы мен тазалығының арқасында Зинабдин ағай халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленді.
Жаңақорған ауданы бойынша Зинабдин Шермағамбетовтің бірінші болып «Қызыл­орда облысының Құрметті ардагері» медалін алуы жаңақорғандықтардың, сыр­бойы­лықтардың құрметінің белгісі деп қабылдадық.
– Ақиқаттың алдаспанындай болып, әділдігімен, турашылдығымен алдымызда жүрген Зекеңді қалай марапаттаса да жарасады. Оның Жаңақорған ауданының рухани-мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты, жастарды тәрбиелеп, қалыптасуына ықпал етті, – дейді оның бүгінгі замандастары.

Әли ТЕМІРБЕК
20 шілде 2019 ж. 1 812 0