№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ


Ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимов Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында ардагер ұстаздар мен білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген білікті мұғалімдерді қабылдап, олармен болашақ ұрпақ тәрбиесі мен білім деңгейі жайында кеңінен әңгімелесті.
– Халық санасын оятып, ағартушылық еткен жан қай кезде де мәртебелі саналмай ма?! Осы тұрғыда ұстаз еңбегін айналып өту қисынсыз да шығар, бәлкім?! Өйткені, ұстаздың еңбегі – өлшеусіз! Өз баласынан өзгенікін жоғары қоятын бір мамандық иесі болса, ол тек ұстаздың ғана қолынан келуі мүмкін. Расында, ұлағатты ұстаздың мұраты – білікті, білімді шәкірт дайындау. Осы тұрғыда, ауданның мұғалімдері еңбегі ерен. Сондай білікті ұстаздарды мереке қарсаңында жинап, құрмет көрсетіп, мерейін асыруды ойлап отырмыз, – деді Болат Мақсұтұлы.
Алдымен білім бөлімінде ұзақ жыл еңбек еткен Күлханыс Майлыбаева мен қоғам белсендісі Жақсыгүл Бегманова марапат биігінен көрінді. Ардақты ардагерлер білім саласының қызметкеріне табыс тілеп, ұстаз жүгі – ауыр жүк екенін тілге тиек етті.
Одан кейін оқушылары облыстық пәндік олимпиадада жүлде алған ұстаздар марапатталды. №110 мектеп-лицийдің ұстазы Динара Байсынова мен Ғалиябану Байтелеева, №192 мектептің тәлімгері Шолпан Сағымбаева, №213 мектептің мұғалімі Ажар Әбсемет және №240 білім ордасының ұстазы Сәуле Камаловаға бөлім бөлімі басшысының «Алғыс хаты» табысталды.
Кездесуге 42 мектептің ұстаздары мен тәрбие және өнер мектебінің үздік қызметкерлері жиналыпты. Яғни, жоғары санатты мұғалімдер және оқушылары пәндік олимпиадалар мен ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуде біліктілігі мен білімін, қажыры мен қайратын жұмсап жүрген оқытушылар келіпті.
Атап айтқанда, Айнұр Сатыбалдиева, Аягөз Сабырханова, Гүлнар Нұрділлаева, Жанар Сандыбаева, Эльмира Қарабаева, Данагүл Утеева, Клара Бердібекова, Гүлчехра Раимова, Гүлжазира Жалғасбекова, Айгүл Сыздыкова, Жаңагүл Опашова, Айман Ерманова, Шамшат Маханбетова, Назира Нұрбекова, Ұмсын Башарова, Мереуерт Таласбаева, Алуа Әсенова құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, Орынкүл Амираева, Шолпан Қансейітова, Күлбибі Тасманова, Меруерт Бұлдырықова, Оразкүл Керімқұлова, Жұпар Жәметова, Меруерт Бердіхожаева және Балхия Биділдаеваға сый-сияпаттар тапсырылды. Мұндай марапат биігінен Орынкүл Фазылбекова, Назгүл Андақұлова, Шолпан Құлмұратова, Алтынай Сахиева, Сәуле Қалдыбекова, Аягөз Батырбекова, Разия Қалмырзаева, Айнагүл Қасқабаева, Гүлмира Айдарбекова, Эльмира Байхонова, Шарбану Жиенбаева, Индира Құрбанова, Динара Ережепқызы да көрінді.
Ұстаздардың атынан Аягөз Сабырханова сөз алып: – Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік, нағыз ұстаздық емес пе?! Бүгінде білім саласына деген талап артып, жауапкершілік жүгі күшейді. Себебі, адами капиталды дамыту – ұстаздардың пәрменіндегі жұмыс. Осынау мереке қарсаңында әйел ұстаздарды жинап, оларға құрмет көрсету, білім саласына деген құрмет болса керек-ті, – деп алғысын жеткізді.

***
Аудандық білім бөлімінің басшысы аппарат қызметкерлерін де жинап, әйелдер мерекесімен құттықтады.
– Мемлекет басшысы дамудың жолы – адами капиталды дамытуда екенін айтып, білім саласына жауапкершілік сенімін артып отыр. Рас, ұстаздар қауымы елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына зор үлес қосуда. Ал, уақыт талабына сәйкестендірілген реформаларды мектептерге енгізуде аппарат қызметкерінің еңбегі зор. Осы жолда сіздерге табыс тілеймін! – деді Болат Ибрагимов.
Білім саласының ұйымдарында кәсіподақ ұйымы төрағасы Елшібек Сатиршинов әріптестерін мерекемен құттықтап, еңбекте табыс тіледі.

ТҮЙІН. Осылайша, бас ұстаз Болат Ибрагимовтың білім саласы қызметкерлерін мереке қарсаңында марапаттап, мерейін тасытты. Әрине, мұндай тағылымды шара ұстаздардың шабытты еңбек етуіне, ізденісін арттыруға түрткі болатыны ақиқат. Ендеше, ұстаздарды ұлықтайтын күн бол болғай...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
07 наурыз 2018 ж. 2 325 0