№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Өкініш өмір

Ерсұлтан МҰСТАФАЕВ
Бүгінде аудандық мәдениет саласында тер төгіп келе жатқан Ерсұлтанның өлең-өркенінде өзіндік өрнегі қалыптасып үлгерген. Ол аудандық, облыстық деңгейде өткен жыр-мүшайраларында жүлдегер атанып жүр.



Айта білсе фәни ғұмыр дерегін,
Болғаным ғой дүниеге керегім.
Періштеден айналдым да пендеге,
Өмір атты көшпен еріп келемін.

Нелер ойды түйіп өстім санама,
Көз үйренді ала менен қараға .
Өмір саған тәңір ие, тағдыр бар,
Ғұмырымды тек бақытқа бағала.

Бір жүректі күрсіндіріп жылатқан,
Қатал өмір тұрады екен сынақтан.
Бақытыңды баянды етіп біреуге,
Бір жүрек бар сені мәңгі ұнатқан.

Кім тояды базарыңа сендегі,
Өмір сүрер бар тіршілік жердегі.
Мезгілімен гүл де солды қураған ,
Шөлге айналар суың кетсе көлдегі.

Өткінші өмір өткелінен өткізіп,
Өте шығар бақытыңа жеткізіп.
Сені сүю керек шығар шынында,
Шын бақытты өмір сенен көп күтіп.

Тағдыр – итке таланғанда балағым,
Жатырқамай жұмбағына жұтылып.
Қара шашын жайып билік құратын.
Телміріп бір неге көкке қарадым?

Керек шығар мүмкін бәрін түсіну,
Болды екен ойға нені түсіру...
О бастан – ақ табиғаты жүректің,
Аспан жаққа қарап тұрып күрсіну.
Көрінетін өлең болып көзіме,
Көңіліме көктен жылу сезіле.
Жер бетінен таппаған соң бір бақыт,
Аспан жаққа құмар едім өзімде.

Болды менде арман менен мұратым,
Жетсем деген аңсарымда болатын.
Мұнараны көру үшін биіктеу
Аспан жаққа кеткім келіп тұратын.

Үлбіреген үмітті еш үзбесе,
Алар сонда тәңірменен тілдесе.
Тас қоғамнан таяқ жесе кімде-кім,
Аспан жақтан мен табылам іздесе.

Тең көтеріп тауқыметтен төзімді,
Ішке сақтап, тас жаратын сөзімді.
Жетпеген соң пәрмені жоқ арманға,
Кінәліге санаймын мен өзімді.

Тәңір ие талқысына талайдың,
Келер күнді,
Бақытым деп санаймын.
Жан жүрегім,
Жерленгенше жер құшып,
Жұмақ мекен жерұйығын табайын.

Тілінседе тасқа табан сөгіліп,
Жүрегіме бір жылулық төгіліп.
Тек әйтеуір мәңгілікке маздаған,
Өлең шоғын алмайыншы өшіріп.
29 тамыз 2019 ж. 663 0