Аудан бойынша екі театр болса, соның бірі – Бірлік ауылдық клуб үйі жанындағы халық театры. Осы театрда 30 жылдан астам уақыттан бері еңбек ететін Нұрқанша Аманжолқызын кейіпкер еттік. Мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ өзінің талантымен көзге түсіп, оқушы кезінен клуб үйінің іс-шараларына көптеп қатысады....
Қойнауы – сырға, көмейі – жырға тұнған Жаңақорған топырағынан өнер, мәдениет саласының майталмандары көптеп шықты. Сол қатарға Ғалымжан Омаровты жатқызуға әбден болады. Оның жанға жайлы қоңыр үні тек ауданымыздың ғана емес, Сыр елінің айтулы сахналарынан сан мәрте қалықтады. Бүгінде әннің де, жырдың да...
Бұдан көп бұрын өнердегі ең ардақ тұтар ұстазы, жанына жақын композитор ағасы Кеңес Дүйсекеевтің өзі туралы «Сауранның әндері халықтың арқасында көп тараған. Талантты сазгер жастар ішіндегі бергенінен берері көп азамат. Сауран інім осы деңгейінен төмен түспесе одан әрі самғап, нағыз өнердің ақсұңқар құсы...
Жаңақорған халық театрында алғаш рет «МәшҺүр Жүсіп» мистикалық драмасы сахналанды. Қойылым авторы Дінмұхамед Әбжаппаров. Бұған дейін де «Әмірдің көкжиегі», «Айқожа ишан», «Хиссамеддин баба» туралы пьесасын көрермен назврына ұсынып, лайықты бағасын алған талант иесі бұл жолы неге Мәшһүр Жүсіпті таңдады?...
"Қазақстан дауысы" музыкалық жобасында "Қорқыт қобыз" әнін жаңаша бағытта орындап, көпшілікке танылған Құралай Мейрамбек өнерге кішкене кезінен қызығушылық танытқан. "Бозторғай" халықаралық фестивалінда бас жүлде иегері, "Славян базары" байқауында жүлделі 1 орын иегері атанды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар...
Асылбековтер отбасылық дуэті Ақтөбеде өткен байқауда дараланды. Олар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымов атындағы «Сәйгүлік» республикалық байқауында екінші орын алды....
Ашығын айтайын, біз көңіл кірін тазартатын ойлы әнге емес, сапасы сын көтермейтін сөзге жазылған әнге жын ұрып билеуге, қылқынып айқайлап, жұлқынып сөйлеуге бейімбіз. Тіпті, мәні жоқ әнді жаттап алып, жан-жағымызға жар салып, айқайдың көкесін танытып, әуелететініміз тағы бар. Ал сол әннің сөзі мен өзіне...
Алатау бөктерін әсем әуенмен әрлеп, Алматы аспанын қазақтың жыр-күйімен тербеген өнерлі өрендер халықаралық «Бозторғай» байқауында бақ сынады. ХХІІІ халықаралық жас таланттылар додасында Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Украина және Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды бүлдіршіндер бас қосты. Сыр елінің атынан...
Жайдарман – қазіргі таңда жалынды жастардың басын қосатынелімізде бірден-бір жоба деуге болады. «Әзіл адамның өмірін ұзартады» демекші, Кейден орта мектебінің 10-11 жасар қыздарынан құралған «Тәтті қыздар» атты жайдарман тобы Түркістан қаласында өткен өнер сайысына қатысып, екінші орынға ие болды. Қасиетті...