№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Цифрлық серпін: Қызылорда облысында Наурызда 100-ден аса IT-шешім енгізілді

Цифрлық серпін: Қызылорда облысында Наурызда 100-ден аса IT-шешім енгізілді



Қызылорда облысы мәдени-ағартушылық тәжірибелерге жоғары технологияларды енгізуге басымдық берді. Өңірде ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, 400 шара офлайн форматта 200 мыңнан астам адамды қамтыды, ал онлайн кеңістікте 800 мыңнан астам қолданушы назар аударды.

Қонақтар үшін 100-ден астам бірегей цифрлық шешім әзірленіп, дәстүрлі мереке заманауи интерактивті форматқа айналды.

Облыс қалалары мен аудандарында 270 тақырыптық киіз үйден тұратын этноауыл құрылып, ақпараттық сүйемелдеуді 400 баннер мен LED-экран қамтамасыз етті. Мерекелік бағдарламаны 250 өнерпаз ұсынды. Олардың қатарында «Абырой» тобы мен Наркенже Серікбаева бар. Осылайша, өңірдің бай мұрасы мен цифрлық болашағы үйлесім тапты.
25 наурыз 2026 ж. 1 972 0