№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Тәтті қыздар» топ жарды

«Тәтті қыздар» топ жарды


Жайдарман – қазіргі таңда жалынды жастардың басын қосатынелімізде бірден-бір жоба деуге болады. 
«Әзіл адамның өмірін ұзартады» демекші, Кейден орта мектебінің 10-11 жасар қыздарынан құралған «Тәтті қыздар» атты жайдарман тобы Түркістан қаласында өткен өнер сайысына қатысып, екінші орынға ие болды. Қасиетті Жаңақорған жерінде жас өнерпаздар аз емес. Солардың бірі келешегінен мол үміт күттіретін талант иелері Айдидар Нұрәділқызы, Ақниет Қырқымбай, Ақмаржан Анарбай, Қарлығаш Нұрланқызынан құрылған жайдарман командасы десек артық болмас.
Команда бұған дейін, Қызылорда қаласынан бас жүлдемен оралған болатын. Жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалып­тастыру, азаматтық белсенділікті арт­ты­ру, та­нымдық жұмыстарды ынталандыру, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікке тәр­биелеуге бағытталған өнер додасына Шымкент, Қызылорда қаласынан 10-нан аса команда қатысты.
Тәп-тәтті бүлдіршіндерден құрыл­ған жайдарман командасы әділ қазы­лардың жоғары бағасын алды. Біз де жас таланттарды елге таныстыру мақсатында, Кейден клуб үйінің дирек­торы Балмұхамед Әбжаппаров пен бүлдіршін қыздарды редакциямызға шақырып, әдемі әңгіме өрбіттік. Атаулы топтың құрылуына мұрындық болып, ұйымдастырып, іс-шараларға бүлдіршіндерді қолынан жетектеп апарып-әкеліп жүрген Балмұхамедпен сұхбатымызды бастадық.
– Осы сайыста да көрермен көңілінен шығып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, екінші орын алдық. Жайдарманшы қыздар биыл он жастан енді асса да әзілге жаны жақын, айтқанды екі етпей орындайтын нағыз жайдарманшылар. Бізге қолдау көрсеткен №208 орта мектебінің директоры Айжан Шерубаеваға алғы­сымыз зор. Оқушыларға муыкалық жағынан дем берген Айдарбек Мол­дабектің есімін айрықша атауға болады. Алдағы уақытта тағы да жас жайдарманшылардың қатарын көбейтіп, өнерлерін шыңдау және бұдан да үлкен жарыстарға барып, жүлделі оралу – басты мақсатымыз.
– Кішкентай балалардың көңілін табу да, үлкен сайысқа дайындау да оңай емес шығар?
– Солай. Бәрі бір-бір үйдің еркелері. Әрқайсының өздеріне тән мінездері, қылықтары бар. Соның бәріне төзіп, еркеліктерін көтере білу керек. Дай­ындық кезінде ата-аналары болса, қылық көрсетіп еркелейді. Сондықтан дайындықты ата-анасыз, тәрбиешісіз өткізген жақсы. Сценарийді, әзілді балалардың жасына келетіндей етіп икемдеп жазамыз. Дайын сценарийді ата-аналардың қолына табыстаймын. Әр баланың сөзін жеке-жеке бөліп, түсіндіремін. Оны жаттап келуді ата-аналарға тапсырамын. Дайындыққа келгенде бәрі реттеледі.
– Дұрыс екен. Енді, қыздармен сөйлескім келіп отыр. Ақдидар, Ақниет, Ақмаржан, Қарлығаш есім­­деріңнің өзі қандай әдемі? Айтыңдаршы, үлкен сахнаға шығу кез келгеннің қолынан келмейді. Сахнаға шыққанда қандай сезімде боласыңдар?
Ақдидар: Ен бірінші жарысқа қатыс­қанда қобалжығанбыз. Одан кейін үйреніп кеттік. Жанымыздағы өзге коман­дадағы балдарға қараймыз, бәрі тақылдап, бір-біріне сөз бермей, ұялу дегенді білмейді. Олар керісінше, сах­наға шығуға таласады. Соларға қарап, біз де барынша жақсы өнер көрсетуге тырысамыз.
Қарлығаш: Шынымды айтсам, сах­наға шыққанда «бұл мен үшін үлкен мүмкіндік, өзімнің бойымдағы өнерімді көрсетіп қалуым керек» деген ой болады. Ары қарай, ағайымның айтқан әрбір сөзін ойымда сақтап, бәрін өз ретімен аспай-саспай ойнап шығамын.
Ақниет: Аздап қобалжу болады. Біз­ді осыншама дайындап, үміт артып отыр­ған ағайымыздың, ата-анамыздың үмітін ақтауымыз керек. Өзімнің бойымнан да өнерге деген құштарлығымның басым екенін білемін.
Ал, мына салмақты кішкентай Ақмаржанның ойын білейікші.
– Өзім бала күнімнен халықтың алдына шығып өнер көрсеткім келетін. Сол арманыма қадам жасап, көпшіліктің алдына шығуды үйреніп жатырмын. Әлбетте, оңай емес, барлығы саған қарап тұрады. Бізге небәрі 5-10 минут қана беріледі ғой. Сол мүмкіндікті жеберіп алмауымыз керек. Алдағы уақытта, бұдан да үлкен жеңістерге жетеміз деп сенемін.
– Ой, бәрекелді. Өркендерің өссін! Жасөспірімдердің бос уақыттын тиімді пайдаланып, қабілет-қарымын шыңдап, зейінін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ұлт батыры Бауыржан Момышұлы: «Өнер адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы» деп айтқанындай, өнерге қанат қағып, осы жолға болашағын байланыстырған кез-келген өреннің арман тілегі де осы биіктен астасып жатары анық. Болашағынан үміт күттіретін осындай жалынды жастардың әрбір қадамына сәттілік тілеп, өнерлерің өрге жүзсін демекпіз.
Әсел РЗАЕВА
28 қыркүйек 2021 ж. 536 0