№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қызым үйде, қылығы түзде

Қызым үйде, қылығы түзде


Ұлтымызда ұрпақ тәбиесінде қыздың орны ерекше. «Қыз – еркем, мінезімен көркем» дегендей, өмірді шуаққа бөлеп жүретін өнеге әрбір нәзік жандының көркі.


Ертеден дана халқымыз қызға төрден орын беріп, қастерлеген. Қыз баланың назына қалудан cақтанған. Болашақ ұлт тұтқасын ұстайтын ұрпақты дүниеге әкелетін ана деп бағалаған. Аруларымыздың әр қимылы, киім киісі, сөйлеуі нәзіктік пен тазалықтың белгісіндей еді.
Қазақта мынадай ырым-тыйым бар: «Қыз басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулық, қара – қайғы». Бойжеткен шағынан жазда жұқа матадан тігілген тақия кисе, қыста бөрік киген. Тұрмысқа шықпаған бойжеткен барынша сәнді киініп жүрген. Қосетек көйлекпен жарасымды етіп тігілген бешпет киген. Тұрмыс құрған сәттен сәукелесі жарасып, ана атанғанда ақ жаулық тағынған. Қарқаралы қария апаларға кимешек жарасқан. Яғни, қазақтың ұлтты киімдерінің өзіндік құпиялары болған. Осыған қарап, кімнің тұрмыс құрмаған қыз, кімнің келіншек екенін айыра аласыз. Қазіргі таңда қызды әйелден, әйелді қыздан ажырату қиын. Cебебі жас ерекшелігіне қарамай ашық-шашық киінуге әуестік басым.
Сонымен қатар қазір бұрымды қыздарымыз шашын сәндеп, жинап жүргеннен гөрі жайылған шашқа құмар. Жайылған шаштың жанында періште жүрмейтінін білеміз. Оған қоса шетел ғалымдары да шаштың ерекше энергиясы барын, әйелдер бар ренішті, ауруды осы еркешеліктері арқылы жинайтынын дәлелдеген. Қазақ екі жағдайда ғана шаш жайған, бірі – елді жау шауып, ел иесіз қалғанда, екінші – күйеуі мезгілсіз қазаға ұшырағанда әйелдер шашын жайып жоқтаған. Ертедегі арулар таққан шашбауының да өзіндік атқаратын функциясы болған. Яғни оның сыңғырлаған үні шыққаннан іштегі адамдар қыз бала келе жатыр екен ғой деп жинақталған.
Қазіргі қызғалдақтардың киіну әдебі, сөйлеу мәнеріне қарап, қайран «Қыз Жібек, Баяндар-ай» деп қарның ашады. Бұл өткенді көксеу емес. Өткенде – өнеге бар. Әрине, жаппай қосетек көйлек киіп, қос бұрымымызға шашбау тағынайық деген үндеуім емес. Дегенмен ұқыптылық, жинақылық қашанда тартымды көрсетеді емес пе?
Етегі шолақ белдемше, балағы қысқа шалбар. Сауда сөресінде тұрғанның бәрі келтеленіп барады. Кезінде кедейліктен, жоқтықтан киген шұрық-тесік киімді қазір сәнге айналдырған. Солай сәнге еріп, денесін жалаңаштап жүргендердің отбасын құрып, ұрпақ әкелер жасқа келгенде талай медициналық орталықтың табалдырығын тоздырып жүргенін көресіз. Осы сау адамның басындағы «алтын тәжді» өзінде барда қадіріне жетпей, кейін дәрі-дәрмекпен қайтара алмай жүргендерге жаның ашиды…
Қазір ғаламторда да өріп жүрген бойжеткендеріміздің ашық-шашық бейне­лері, былапыт сөздері.
Тіптен қазір әдеп­сіздік, арсыздық «трендте» десек қате­леспейміз. Шетелді қойып, бүгін де өзгенің қаңсығы күнделікті өмірімізге сіңді. «Ұятты» айтқан адамдар ұялатын заман болды. Менталитетімізге жат қылықтарды көре-көре көзіміз де үйреніп барады. Еліктегіш ұрпақ – есіл елдің ертеңін құртып жатқанын сезе ме? «Әй» дейтін әже мен «қой» дейтін қожа жоқ. Барын «ұятсыз» ұрпақ тұншықтырып әй деуге шамасын келтірмеуде. Көпке топырақ шашудан аулақпын әрі-беріден соң әй дей қоятын әжелерімізде жастардан қалысып тұрған жоқ. Шаштарын қызыл-жасылға бояп, қарттыққа асықпай, «әже» деп айтқызбай, жасарып кетеміз деп ойлайды ма екен, әлде… «Ата сақалы аузына түскен» дейтін қарттардың сақалы жоқ, «аузы дуалы» дейтін аталардың арасында әлі күнге ащы сумен қоштаса алмай жүргендері қаншама. Қозғағаны саясат. Үйдегі ұл мен қыздың тәрбиесі кері кетпегенде, несі қалды?
Әже мектебін, ана мектебін көрмеген қыз қайда қарап «тон пішеді»? Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі. Адамды сөзбен емес, жасаған ісіңізбен тәрбиелейсіз. Әр ана шарана құрсаққа біткен сәттен жақсы сөз сөйлеп, игі іс жасап әдеттенсе бұл баланың қанына барады, сүт арқылы сүйекке сіңеді. Анадан ар-ұяттың, инабаттың не екенін біліп өскен бойжеткендердің өзінен тарайтын балаға да берері болады. Сонда азаматтық некеге құмарлар мен ажырасқыштар саны азаяр еді.
Мұсылман емес жігіттерге ерге шығып, шетел асып жатқан қаракөздеріміз қаншама. Қазақ жігіттері майдаланып кеткен дегенді сылтау қылып, бала кезден көріп өскен фильмдердегі жылтырақ өмірге қызығып, қыз текті беті жалтыраған жігіттердің ізінен еріп кетушілер көбейді. Дана да, батыр да анадан туады. Демек, отбасында еркекті бірінші орынға қойған әйелден, әкені сылаған үйден ер мінезді азаматтар шығады. Сондықтан әр аруымыз ұлт алдындағы арқалар жүгін ұғынып өссе, ұлағатты ұландарымыз көбейері хақ. Ғабит Мүсіреповтың «Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады» дегеніндей өрескел мінезден гөрі ұяңдығы мен әдебі келіскен қыздың көркі де келісетіні анық .
«Қыз ақылды болады – болғысы келсе, шыдамды болады – қолынан келсе, сұлу болады – уақыт берсе, батыр болады – сынға түссе, адал жар болады – жары сүйсе...» дегендей, қыздар – қызғалдақтар ұрпағымыз ұсақталып кетпесе екен.

Рауза Әзілхан
24 қараша 2021 ж. 1 185 0