Ақсұңқар қанатындағы ән-ғұмыр
Бұдан көп бұрын өнердегі ең ардақ тұтар ұстазы, жанына жақын композитор ағасы Кеңес Дүйсекеевтің өзі туралы «Сауранның әндері халықтың арқасында көп тараған. Талантты сазгер жастар ішіндегі бергенінен берері көп азамат. Сауран інім осы деңгейінен төмен түспесе одан әрі самғап, нағыз өнердің ақсұңқар құсы болады» деп айтқанын естігенде албырт жастың көз алдына баяғы бала күніндегі мына сурет қаз-қалпында келе қалып еді.
Қандөзарық деген жердегі Бестамнан кеңшар орталығындағы интернатқа қатынап оқыды. Есік алдында қара-құра мал ұстайды. Соның шөбін шауып, мал жайғау, суару баланың үлкені осы Сауранның мойнында. Сонда шөпқораның төбесіне шығып алып тыңдайтыны шынашақтай радиоқабылдағыш. Содан төгілген Шәмшінің әндеріне құлақ салып: «Шіркін-ай, Қазақ радиосы менің де әндерімді осылай құйқылжытып беріп жатар күн туар ма екен» деген бала қиялын зеңгір көкте қалықтаған ақсұңқардың қанатына іліп, бар дауысымен даланы жаңғырықтырып ән салатын.
Алғашында балалайка қосып айтатын, кейін қара баянның да тілін меңгеріп алды. Өнерге деген шексіз құмарлықтың бастауы әке мен ана тәлімінде жатыр. Әкелері шертпе күйдің шебері болыпты. Қаратауда шертпе күйдің атасы Сүгірдің, Әлшекейдің күйлерін термелегенде тебіренбеген кісі қалмайтын көрінеді. Өмірлік жарын да сол домбырамен әуелетіп ән салып, келіннің бетін ашып жүргенде көрші өңірден кездестіріп, көңілі ауған. Бұл бойжеткеннің шаңқобыз шалатын өнері болған. Сөйтіп екеуінен өрген он екі баланың өнерге жаты жоқ, барлығы ән мен күйдің айналасында жүр. Сауран екі қыздан соң дүниеге келген ұлдардың үлкені. Анасы төркіндеп барып жатып дарияда қатынас болмай сол жақта босанып қалады да, осынау тарихи мекеннің аты естелік болсын деп нәрестеге Сауранбек деп ат қояды.
«Апатайым-анашым» – тұғырлы төлқұжатым
Түркі жұртына белгілі сазгер-әншінің бұлай деуінде негіз бар. Ол ең алғашқы әнін 8 сыныпта жазыпты. «Қоштасу» деп аталады. Ал «Апатайым-анашымды» 1980 жылы жазған. Осы әнмен 1985 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атаныпты. Ал 1986 жылы Саратов қаласында өткен Бүкілодақтық фестивальде жоғары бағаға ие болған сазгер бас-аяғы 50 конкурсанттан он үші іріктеліп, Қазақстаннан дәстүрлі әнші Гүлмайдан Сүндетова екеуі Мәскеуге ұшып кетуіне тура келеді. Олар екі күн бойы КСРО астанасында концерт береді.Сауран Елеуовтің бұл әнін жылдар өткен соң Мәскеу қаласына Дәрібаевтар отбасы екінші мәрте алып барады. Талғампаз тыңдарманды таң қалдыратыны әннің соншалықты жағымдылығы. Бар болғаны үш-ақ нотадан тұратын Раймонд Паулстің «Миллион алых розындай» қысқа ғана қайырымнан тұратын «Апатайым-анашымның» даңқын алысқа жайған әннің құдіреті әр жүрекке ерекше жылылығында, жақындығында болса керек.
Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық және мәдениет институтының түлегі өз еңбек жолын Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде әдіскер, 1986-1990 жылдары кенттегі мәдени демалыс паркінің директоры, ал 1991-1995 жылдар аралығында кенттік «Арман» мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды. Осы кезеңдері Манап Көкенов жетекшілік ететін «Дала жұлдыздары» мәдени-үгіт бригадасының белсенді мүшесі болды.
1995 жылы Түркістандағы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қызметке ауысты. Осы оқу орнында Мәдениет орталығы директорының орынбасары болды.
2011 жылдан бастап «Спорт және өнер» кафедрасының меңгерушісі, 2006 жылдан бастап университеттің доценті атағы берілген.
Ол бүгінге дейін 80-нен аса әндердің авторы атанды. Солардың ішінде «Айдында жүзген аққулары» Зейнеп Қойшыбаеваның орындауында байтақ елді шарласа, Адырбек Сопыбековтың сөзіне жазған «Айналайын» әнін Бибажар Маханбетова мен Ақбота Керімбекова биікке көтерді. Сауранның әндері Нұрғали Нұсіпжанов, Мадина Ералиева сынды танымал әншілердің де репертуарына енген.
«Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Тәңірдің тарту еткен несібі ғой» деп жырлаған Мағжанның сөзіне ән жазып, Түркияға барған сапарында оның тұсауын кесті. Университет көркемөнерпаздары Гимні ретінде алып барған марш екпінді қасиетті мұра, қанатты ән екі мемлекеттің достық символындай саналарға орнығып, ортақ Әнұранындай әуеде қалықтады. Үш мың адамдық стадион саз әуенімен рухтанды. Сол жолы ән авторына «Афион қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Өнер ұжымы Түркияға сапарында Стамбулда, Анкарада, және басқа қалаларында 22 концерт қойып оралды.
1993 жылы Алматыда шығармашылық кеші ұйымдастырылып, қоғам және өнер қайраткерлері, әдебиетсүйер қауым қатарында Рахманқұл Бердібаев, Қуандық Шаңғытбаевтар болды. Жазушы Зейнеп Ахметова сөз алып, естелік ретінде мұның иығына Бауыржан атаның шапанын жабуы ұмытылмастай әсер қалдырды. Сауран осы бір шынайы шараның өмір тарихында қатталып қалуына бар ділімен, пейілімен атсалысқан әрі әріптес, әрі жерлес тілеуқор азамат Жұмабай Әбілевтің бейнесін әрдайым жүрегінің төрінде сақтап келеді.
Біз осы орайда Сауран аға туралы мемлекет және өнер қайраткерлерінің жүрекжарды пікірлерін келтіре кетуді жөн санадық. Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Мыңжасар Маңғытаев: «Сауранның «Домбыра сазы» – өзіндік үні, терең мазмұны, әсем сазы бар ән. Оның өзге де әндерінен осындай әсер сезіледі» десе, Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова «Сауран – жұлдыз» деген өлеңінде:
«Ән туғанда тұшиды саумал дала,
Жергөгінен балбырап аунар бала.
Ұрпағыңа жалғасар ән мәңгілік,
Саздың соңы болмасын Сауран ғана.
Әсем сазды жүректе саулата бер,
Ақ қарындай наурызда жауған жаңа» деп ағынан ақтарылады. Өнер қайраткері, Академик Рахманқұл Бердібаев: «Жеке адамның өмірбаяны болатыны секілді бүкіл тарихта халықтың да музыкалық өмірбаяны бар. Саз өнердің бәрінен артықшылығы санамызға құйылып, сезімге әсер етуінде. Сол дәстүрдің жалғасы болып отырған жас дарындар қатарында өзі сүйкімді, әні көңілге қонымды Сауранбектің ерекшелігі, халықтық дәстүрден қара үзбегені» деп сүйсініспен жазады.
Жырау-әнші, «Нұртуған жыр мектебінің жетекшісі, ЮНЕСКО Алтын медалінің иегері Рысбек Әшімов: «Сауранбектің «Апатайым-анашым» әніндегі баланың анаға деген махаббатының құдіреті шексіз де, шетсіз, жеті нотада мәңгілік сарынмен жымдасып жатса, дарынды сазгердің халқына, отанына, табиғатқа сүйсіне шығарған сазды әуендері қазақ халқын сусындатып, рухтандыра бермек» деп жазады. Кезінде ізінен ерген шәкірті туралы Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов: «Сауранбектің шығарған өлеңдерінің адам жүрегіне етене жақындығы, оның шын мәнінде туған жерге, өскен елге деген жүрек тебіренісінде. Руханият әлемі Сауранбектің әндерімен шырайлана түспек» деп биік бағасын беріпті.
Сауранбек ән әлеміндегі ғұмырында Кеңес Дүйсекеевті, Бексұлтан Байкенжеевті, Жақсыгелді Сейіловті, Темір Тайбековты айрықша ұстаз тұтты. Олардың әрқайсысы өзіндік мәнерімен бір-бір ғажайып құбылыс. Мыңжасар Маңғытаевтың «Іздедім сені» әні күні бүгін жамау көңілді шырт ұйқыдан түртіп оятып, түні бойы қиял кездіріп, көкіректі қарс айыратын сағынышымен тәтті.Жақсыгелді Сейіловтың «Жез киігі» мен «Әке туралы әні» өзіндік бояуымен мұңлы көңілге әманда нұр себезгілейді.
Сауран Жаңақорғаннан көрші облысқа қызметке кеткенімен туған жері оны ұмытпай, әр жылы аудандағы кәсіптік колледжде жастармен кездесу ұйымдастыруда ұйытқы болған өнер жанашыры Мадияр Ахметовтың бұл азаматтық бастамасын өнер өкілі де ешуақытта ұмытқан емес. Қашанда алғысын айтып жүреді.
Қайраткер аға 2018 жылдан бастап Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.
Сауранбек Елеуов осы кезге дейінгі өміріне көз салса арғы атасы Елеу қарияның аймаққа аты шыққан ұсталығы, Сыр бойының тораңғылынан өзі желқайық жасап алып, дария суының үстінен жолаушыларды ары-бері өткізіп, сансыз сауапқа кенелген қасиет-қадірі ойға оралады. Ал әкесі Еркінбек болса Алматыда өткен ұлының концертіне қатысып отырғанында «Өнер менің де бала күнгі арманым еді, домбыра шертісімді байқап қаладан келген өнерпаздар алып кетпек болғанында әке-шешемнен қол үзе алмай ермеп едіп, сол мүжілген талабымды ұлым үрлеп, аяғым жете алмаған Алматының төріне әкеп шығарды. Енді арманым жоқ» деп балаша қуанған. Сөйтсек, жақсы перзент атадан асып туады екен. Сырдарияның арғы беті мен бергі бетін жалғаған желқайықтың ескегіндей желіп Сауранның әні бүкіл Тұран даласында мейірім мен иахаббаттың желкенін желбіретіп жүр.
Ал, 12 қараша күні Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінде композитор Сауранбек Елеуовтің шығармашылығын насихаттауға арналған «Жұлдызым» атты облыстық әншілер байқауы өткелі отыр.

Баян ҮСЕЙІНОВА