№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Әлшекей әлемі" фестиваліне шақырамыз

"Әлшекей әлемі" фестиваліне шақырамыз

Сыр бойында халық шығармашылығының жанрлары қаншалықты көп болса, ежелгі өнер сабақтастығы да соншалықты көп. Жалпы түркі әлеміне ортақ, сонау оғыздар дәуірінен тамыр тартып келе жатқан жыраулық, термешілік, күйшілік өнер, оның әлі зерттелмей жатқан сан алуан салаларының өзі-ақ Сыр еліндегі мәдениет, руханият салаларының күрделі тарихы бар екенін еске салып тұрады.

Сыр өңірі өзінің орналасу ерекшелігіне, тарихи дамуына қарай өзіндік таңбасы бар өнер өлкесіне айналды. Ұлттық өнердің бастауы Қорқыт атадан бастап, Сыр сүйлейлері, айтыс ақындары, күйшілері туған киелі мекеннің шертетін шежіресі көп...
Дәулескер күйші 1847 жылы Қаратау өңіріндегі «Бектібай сазы» ауылында дүниеге келген. Түп-тегі Қоңырат тайпасының ішіндегі Киікші руынан тараған Әлшекейдің атасы Сиқымбай өз заманынада елге сыйлы кісі болған. Елдің айтуынша, әкесі Бектібай да сөзі өткір, адал сөйлеп жұртқа жаққан адам болыпты. Әлшекейдің нағашы атасы Қаратау мен Сыр елі, Созақ пен Түркістанға белгілі қобызшы. Рүстем атасы Әлшекейді жастайынан сыбызғы мен қобызға баулиды. Алайда, жас баланың ықыласы домбыраға ауады. Әлшекей бала кезден ерекше зеректігімен ел назарын аударады. Әлшекей Бектібайұлының 100- ге тарта күйі бар. Алайда оның барлығы сақталмаған. Бүгінде күйшінің «Тоқырау», «Нарсоққан», «Егес», «Терісқақпай», «Толқын», «Аққу кеткен», «Тепеңкөк», «Қара жорға», «Адасқан қаз», «Айрауықтың ащысы», «Айшамен «6 тартыс», «Төтемен тартыс», «Егілген», «Бәйге», «Тай қуу», «Отарба» сияқты күйлері көпшілікке кеңінен таныс. Әлшекейдің күйлері қазіргі домбырашылардың репертуарына енген, оркестрге түсірілген. Атағы Сыр мен қырды жайлаған дүлдүл күйші 1932 жылы 85 жасында дүниеден өткен. Күмбірлеген күйлерімен дүйім жұртты дүр сілкіндірген Әлшекей мұраларын әлі де насихаттау қажет. Сонда еліміздің жауһар мұралары толыға түспек. Әлшекей күйлерін насихаттау мақсатында Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың ақпан айының 23 жұлдызында дәулескер күйші-композитор Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін «Әлшекей әлемі» атты аймақтық өнер фестивалін өткізгелі отыр. Фестивальде Павлодар облысы, Үспен ауданынан Қайратұлы Табиғат, Бөкен Жігер, Түркістан облысынан Құдайберген Азамат, Жансая Шайзында, Қызылорда облысы «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, Шиелі ауданынан Тынысбек Дүйсебеков, «Нартай сазы» халықтық ансамблі, Жаңақорған ауданынан «Айсыновтар» халықтық отбасылық ансамблі, «Әлшекей» халықтық ұлт аспаптар оркестрі өз өнерлерін көрсетеді.
18 ақпан 2022 ж. 567 0