№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОРКЕСТР ТҮРКСОЙ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСЫП КЕЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОРКЕСТР ТҮРКСОЙ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСЫП КЕЛДІ


Қызылордалық Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастырған түркі халықтарының өнер фестиваліне қатысып келді.
Естеріңізге сала кетейік, 1-10 маусым күндері Түркияның 4 қаласында (Кастамону, Болу, Ақсарай және Анкарада) ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының 25 жылдық мерейтойы аясында түркі халықтарының өнер фестивалі өтті.
Оркестрдің гастрольдік бағдарламасы Кастамону провинциясының Таскөпір қаласынан басталды. Концертке көптеген көрермен жиналып, музыканттардың өнерін ерекше ықыласпен қабыл алды. Өнерпаздар халық әндері мен Қорқыт, Құрманғазы және Әлшекейдің күйлерімен қатар классикалық шығармаларын да аса шеберлікпен орындап шықты.
Биыл ТҮРКСОЙ шешімімен түркі әлемінің мәдени астанасы аталған Кастамону қаласы Түркияның солтүстік жағындағы көне қалаларының бірі. Қаланың іргетасы б.д.д. VIII ғасырда қаланған.
Болу, Ақсарай және Анкара қалаларындағы концерттер аншлагпен өтті.
«ТҮРКСОЙ ұйымының атынан оркестр музыканттарына тамаша концерттік бағдарлама мен керемет орындау үшін алғыс айтқым келеді. Қызылордалық халық аспаптар оркестрінің фестивалімізге қатысқаны бекер емес, өйткені Сыр елі-жыр елі қайталанбас талант иелеріне бай екенін бәріміз де жақсы білеміз», - деді ТҮРКСОЙ-дағы Қазақстанның өкілі Асқар Тұрғанбаев.
Атап өтейік, оркестрдың бас дирижері Кеулімжай Ботабаев пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі мен Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзенің басқаруымен өтті.
Тұрмағамбет атындағы оркестр 2007 жылы танымал ақын-жырау Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 125 жылдығына арналған мерекелік шаралар аясында облыстық филармония жанынан құрылған. Құрамында 60 шақты музыкант жұмыс істейді. Ұжыммен оркестр бас дирижері Кеулімжай Ботабаев пен дирижер Күлдара Ізбанова жұмыс істейді. Көркемдік жетекшісі – Самат Абылаев.
Оркестр репертуарында 400 астам халық әндері мен күйлері, сондай-ақ, Қорқыт, Құрманғазы, Дина, Қазаңғап, Шал Мырза, Бекпембет, Әлшекей, Жалдыбай, Досжан, Төлеген және өзге де қазақстандық және жергілікті композиторлардың шығармалары бар.
Оркестрдің сүйемелдеуімен қазақстандық өнер жұлдыздары Ермек Серкебаев, Әлибек Дінішев, Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Нұржамал Үсенбаева және т.б. концерттері өтті.
15 маусым 2018 ж. 916 0