№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Дара болмысты Дамир

Дара болмысты Дамир


Суретші - қиялға еркіндік беретін жан. Суретші – өмірімізге сұлулық сыйлайтын адам.  Қиялына қанат бітіріп, қылқаламын серік еткен талантты жастарымыздың бірі Әлшекей атындағы өнер мектебінің шәкірті Темірбек Дамир Әлімжанұлы. Ол көптеген халықаралық, республикалық байқауларда топ жарып, жүлделі орындар иеленіп жүр.

– Сурет салуға деген қабілетіңді қашан байқадың?  
– 3 сыныптан бастап үйден түрлі суреттерді сала беретінмін. Мультфильм кейіпкерлерін, анимацияларды. 5 сыныптан «Бейнелеу өнерінен» беретін ағайым көріп, көптеген жарыстарға қатысуыма себепші болды. 6 сыныптан бастап, Әлшекей атындағы өнер мектебіне келіп, Жандарбек Бектеміров ағайымның жетекшілігімен шығармашылығымды жалғастырудамын.
 – Туындыларыңда көбіне қандай көріністер басым?
– Көбіне адам бейнелерін және табиғат көріністерін салғанды ұнатамын. Сонымен қатар осы өнер мектебіндегі ағайымның берген тапсырмаларын салып отырамын.
– Шабытты қайдан аласың?
– Шабытым көбіне түнгі уақытта келеді. Түнгі 12:00 мен 3:00 аралығында. Сол кезде дереу қылқаламымды алып, ойыма не келеді соның бәрін қағаз бетіне түсіруге тырысамын. Таңғы уақытта мүлдем шабыт келмейді.
– Болашақта қандай маман иесі болғың келеді?
– Болашақта архитектор болғым келеді. Мен осы жылы 9 сыныпты бітіріп колледжге инженер-техник мамандығына түскен болатынмын. Келер жылы Алматы қаласына архитектор мамандығына оқуға тапсырамын.
– Суретшілік, бойыңа қайдан келген қасиет?
– Алланың берген қасиеті болар, отбасымда бұл өнермен ешкім айналыспайды. Тек өзім бала кезімнен осы өнерге қатты қызығып, сабағыммен қатар алып келемін.
– Қандай жетістіктерің бар?
– 2016ж. Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» I дәрежелі дипломын,  2017ж.  Халықаралық «Жұлдызды талант – звездный талант» бас жүлде және «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісін иелендім, Алматыда өткен III Республикалық «Менің Қазақстаным» атты байқауда Лауреат атанып, бас жүлдені иелендім, 2018жылы «Менің елім – мәңгілік ел» республикалық рухани-патриоттық байқауынанда II дәрежелі орынды жеңіп алдым.  Ал, 2019жылы Аудандық «В1 Жұлдызай» балалар шығармашылығы республикалық фестивалінде өнер көрсеткенім үшін дипломымен марапатталдым.
–  Cұхбатыңа рахмет, Дамир. Шығармашылық табыс тілеймін!
Жас дарынның бұдан  да бөлек жетістіктері өте көп. Шығармашылық шыңдарға шығып, толағай табысқа жетуіне тілекшіміз.
Рауза Әзілхан
28 қыркүйек 2021 ж. 562 0