Ұлттың ұлы мұрасы
2020 жылдың 29 ақпан күні Қызылорда қаласында өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» Халықаралық өнер-білім фестиваліне Әлшекей атындағы өнер мектебінің таланттары марапат биігінен көрінді.
Олар көркемсөз оқу жанры бойынша пән мұғалімі Апиязова Мөлдір 3 оқушы қатыстырып Бас жүлде және Қола жүлделерге ие болса, би жанры бойынша пән мұғалімі Ажар Қабланованың «Еркеназ» би тобы ІІ дәрежелі қола жүлде иегері атанып, аспапта ойнауда домбыра сыныбының мұғалімі Зәуреш Хасанованың оқушылары ІІ және ІІІ дәрежелі күміс, қола медалдармен марапатталды. Дәстүрлі ән жанры бойынша пән мұғалімі Бота Шайкеннің «Гүлдер» тобы бас жүлде және аспапта ойнаудан Сабыр Шұғыла Бас жүлделерді иеленді. Байқау нәтижесінде жетекшілері арнайы «Үздік жетекші» дипломдарымен марапатталды. Өнер мектебінің шәкірттеріне биіктерден көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.