№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өнермен өрілген өнегелі өмір

Өнермен өрілген өнегелі өмір

«Өнер – жұтамас байлық, таусылмайтын азық» демекші, өмірін өнермен байланыстырған жандар арамызда бар. Олардың тынымсыз еңбегі мен үздіксіз ізденісі талай жетістіктерге жеткізіп жүр. Сондай жанның бірі – Гүлсара Бұлдырықова.


Гүлсара Сартайқызы 1991 жылы Қызылорда музыкалық училищесінің халық аспаптар бөліміне оқуға қабылданады. Сол сәттен домбыра, қылқобыз, шаңқобыз секілді түрлі аспаптарды меңгеріп, бойындағы қабілет қарымын көрсетіп білуге деген құлшынысын дәлелдеген. 1995 жылы аудандағы өнер мектебіне жұмысқа тұрған сәттен оқушыларды өнерге баулып келеді. Алдына келген оқушылардың қарым-қабілетін шыңдауға, әр-түрлі аспапта орындауға бейімдеуде талмай еңбектеніп зор жетістіктерге жете білген. Кейін Алматыдағы Абай атындағы университетте білімін шыңдайды.
Осы ретте 2012 жылы «Саз» домбырашылар ансамблін құрғанын айта кеткен жөн. Ансамбль облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға катысып, жүлделі дипломдармен марапатталып келеді. Ал 2013 жылы өнерлі оқушылардан «Жас толқын» фальклорлық ансамблін құрып түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы атанып жүр.
Атап айтар болсақ,
«Ақ көгер­шін», халықаралық ән-би байқауында «Үздік мұғалім» атанса, халықаралық «Ғұмырдария», «Күншуақ» республикалық «Асыл мұра», «Жас дарын», «Балдәурен», «Рауан», «Көркем мереке» балалар шығармашылық ән-би байқауларында зор жетістіктер көрсеткен.
Сондай-ақ, облыстық «Наурыз шапағаты», «Бозторғай», Петропавл қаласында өткізілген Сегіз Сері атындағы І-ші Республикалық халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдердің өнер фестивалінде, «Көктем мереке» жасөспірімдер мен балалар шығармашылық ән-би байқауына «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша «Жас толқын» балалар фольклорлы ансамбльлі қатысып, нәтижесінде бас жүлдеге ие болды.
Ізденімпаз ұстаз жайлы Әлшекей атындағы өнер мектебінің директоры Қалдыбай Қошқарбаев:
– Гүлсара өте еңбекқор жан. Оның шәкірттері де мектебіміздің маңдайалды оқушылары. Оның құрған ансамблі жүлдесіз оралған емес. Бұл жетістік маңдай тер мен еткен еңбектің нәтижесі. Әлі де жас ұрпақты өнермен сусындатуда талмай еңбектеніп, жетістіктерден көрінетініне сенеміз, – деді.
– Алғашында тек домбырашылар ансамбльін құрдым. Оның аты «Саз» деп аталған болатын. Кейін оқушыларыма тек домбыра ғана емес, түрлі аспаптарды меңгертуге күш салдық. Өйткені қабілеті бар оқушылар тыңдау арқылы алып кететінін байқадым. Біздің жұмысымыз балалар арқылы көрінеді. Ал оқушыларымның жетістігі жетерлік. Музыка мектебінде оқып, кейін Алматыда консерваторияда білімін жалғастырып, шәкірт тәрбиелеп жатқан оқушыларым да көп, – дейді өнерлі ұстаз.
Ширек ғасыр бұрын өнер айдынына қонып, сондағы қайнаған өмірдің ортасында өзіндік қолтаңбасымен, еңбегімен ерек болып жүрген Гүлсара Сартайқызының қос ішектен күй төгіп, жүректі қозғар әуендерінің әлі де халық ықыласына бөлене беретініне үлкен сеніммен оралдық. Өйткені, ол өз мамандығының майталманы.

Әйгерім МӘДИЗЫЗЫ
21 қараша 2020 ж. 903 0