Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді

Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді




Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов мәдениет, руханият саласының шынайы қолдаушысы. Мұны Әлшекей атындағы өнер мектебіне барғанында байқатты.


1972 жылы балалар әуез мектебі ретінде ашылып, домбыра, баян, фортепиано және аккордионнан жасөспірімдерге музыкалық білім берді. Бексұлтан Байкенжеев (1972-1993) өнер мектебінің негізін қалап, өркендетті. Одан кейінгі кезеңде Өмірбек Марсалиев (1993-2002), Әбдрейім Өміров (2002-2009) мектептің тізгінің ұстап, жастардың шығармашылығын шыңдады.
Бүгінде Қалдыбай Қошқарбаев басқаратын өнер метебінде 34 мұғалім бейнелеу өнері, сәндік қолданбалы өнері, көркем сөз оқу, хореография, дәстүрлі жыр-терме бойынша балалардың өнерін шыңдайды, сондай-ақ, домбыра, баян, фортепиана, қобыз аспабын үйретеді.
Бексұлтан Байкенжеев атында баян сыныбы, Нағысхан Жаманбаев атында домбыра сыныбы, Әмір Мәжитов атында көркемсөз сыныбы, Жақсыгүл Бегманова атында би сыныбы бар. Бірақ өнер мектебінің өнерпаздары аядай ғана тар бөлмеде білім алады.
– Қанша оқушы бар?
– 434.
– Сабақты қалай өткізесіздер?
– Кестеге сай оқушымен жекелей және топтық тұрғыда өткіземіз.
– Сақтық шараларын сақтау маңызды...
– Әрине, ең бірінші, оқушының денсаулығы маңызды. Мұңы жақсы түсінеміз.
– "Өнер – мінсең ат, ұшсаң – қанат, кисең – жанат" дейді халық даналығынды. Сондықтан жастарды өнерге баулу керек. Жастардың көңілі өнерге ауса қоғамға пайдалы адам болып қалыптасады...
– Мұның салмағын жақсы түсінеміз. Біздің ұстаздар өз ісіне берілген, біліктілігі жоғары мамандар. Әрбір шәкіртінің жетістігіне балаша қуанып жүреді....
Сынаптарды аралап жүрген әкім мен директор осылай пікір алмасты.
Домбырадан сабақ беретін Гүлсара Бұлдырықова өнер мектебінің сыныптары тым тар екенін алға тартты. Мұны шешудің ең тиімді жолын аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов ұсынды. Яғни №169 мектепті жаңа ғимаратқа көшіргеннен кейін Әлшекей атындағы өнер мектебі мен аудандық балалар мен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығын сонда ауыстыруды ұсынды.
– Ұтымды ұсыныс. Қазір №169 мектепте оқушылар оқуда. Күрделі жөндеуден өткен. Сыныптары кең. Жасөспірімдерді өнерге баулуға болады. Әрине, жаңадан ғимарат салып бергенге не жетсің?! Оған бюджеттің мүмкіндігі жетпейді. Биыл екі орта мектептің құрылысы жүруде. Ендігі жылы тағы екі мектептің құрылысын бастау жоспарда бар, – деді аудан басшысы Руслан Рүстемұлы.
– Музыкалық аспаптар жеткілікті ме? – деді әкім.
– Баян мен фортепианамыз ескірді. Ансамбльге қажетті музыкалық аспаптар жеткілікті дей алмаймыз. Жалпы музыкалық аспаптарды жаңаласа дұрыс болар еді... – деді мектеп директоры Қалдыбай Шынтемірұлы.
– Жылдың аяғы жақын. Сондықтан үнемделген қаржыны зерделеп, заңдылықтарды сақтай отыра мәселені шешуді білім бөліміне тапсырамын. Мейлінше өнер мектебіне қолдау көрсету керек, – деп тапсырды аудан басшысы.
ЖЕТІ НОТАНЫ ИГЕРГЕН АДАМ ЖЕТІ ӨНЕРДІ МЕҢГЕРЕ алатынын айтқан әкім Түркияда туған дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Жүнісұлының оқиғасын айтып берді...
Ұлттық аспапты үйренуге бекінген қандас Анкарада домбыраны күмбірлетіп жүріп өзі үйренеді. Сонда Түркияда тоғыз жолдың торабы түйіскен Қорқыт ата жатқан жерде түнеп, үйрену керек деген сөз шығады. Шынында, Сыр өңірінің даласында әуен есіп тұрады. Көңіл көзін ашып, музыканы таныса болғаны. Содан болар Сыр өңірінде сазгерлер де, орындаушылар да көптеп шығатыны. Жастарға осы саздың құдірет-күшін танытып, ұлттық кодтың кілтін ашып беру керек. Бұл өте маңызды іс...
Әкім өнер мектебін аралау кезінде аудандық оркестрдің сапалық құрамын күшейтуді, жастардың бос уақытын мейлінше тиімді пайдаланып, өнерге баулу керектігін тапсырды.

Айтқандай, Руслан Рүстемұлы фортепиана сыныбының оқушысы Роза Сиязбектің өнерін тамашалап "Айналайын, өнерін өрге жүзе берсін! "Озар елдің қызы мінезді,
Ұлы өнерлі келеді" деген аталы сөз бар. Өнерінді шыңдап, озық елдің өрені бол!" деп тілегін жеткізді...

Суретті түсірген Жасұлан Сейдеметов
14 қазан 2020 ж. 1 160 0