№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сүйінші!!!

Бүгін Қазалы ауданынан жақсы хабар келді!Қазалы ауданының әкімдігі, облыстық халық шығармашылығы дамыту және мәдени - продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен сыр мәдениетінің өркендеуіне үлес қосқан күйші, қобызшы, музыканнттар Маханбет және Раманқұл Әуезовтер атындағы «Қастерлеп жүрсін өнерді ұрпағың!» атты облыстық отбасылық ансамбльдердің байқауында, жерлестеріміз, Бесарық ауылының Бәден Айсынов жетекшілік ететін «Айсыновтар» халықтық отбасылық ансамблі жүлделі бірінші орынды жеңіп алды!
Бұл байқауға ауданымыздан келінтөбелік «Бидашевтар» халықтық жанұялық ансамблі де қатысып, арнайы марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!
P.S.Толық байқау туралы мәлімет жеңімпаздар ауданға оралған соң жарияланады.
«Айсыновтар» халықтық отбасылық ансамблі 1980 жылы құрылып, аудан, облыс, республика көлеміне таныла бастады.1982 жылы Қазақстан телеканалына "Халық талант қайнары" атты облыс аралық телефестиваліне Қызылорда облысы атынан қатысқан. 1992 жылы "Халықтық" атағы берілген «Айсыновтар» ансамблі 1993 жылы Павлодар қаласында өткен отбасылық ансамбльдердің республикалық байқауында І орынды жеңіп алып, І дәрежелі дипломға ие болды. (Айсыновтар( халықтық отбасылық ансамблі тынымсыз еңбегінің арқасында аудан, облыс көлемінде өткізіліп келе жатқан түрлі мәдени шараларға қатысып диплом, мақтау қағаздарымен марапатталып келеді. Ансамбль жетекшісі Айымкүл Нәлтаева 1997 жылы Қызылорда облысы бойынша өткен "өмір мен өнер өнегесі" атты әжелер сайысында І орынды иеленіп, дипломмен марапатталса, 2010 жылы Қызылорда қаласында өткен "Қарттардың да өнерге бар таласы" фестивалінде бас жүлдені иемденді. Ансамбль мүшесі Сырым Айсынов осы жылдар арасында еселі еңбегі үшін Облыс және аудан әкімдерінің, облыстық, аудандық білім бөлімінің түрлі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталған. Қызылорда облысыныњ 70 жылдығы мен Қызылорда қаласының 190 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың Ақмешіті» фестивалінде дипломанты, 2011 жылы «Түрксой» халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған түркі тілдес елдердің халықаралық «Ќорқыт және ұлы дала сазы» фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінде орындаушылыќ шеберліктің өзіндік үлгісі сертификатының иегері, 2013 жылѓы 15-31 наурыз аралыѓында Түркияда өткен Түркі дүниесі Наурыз мейрамында өнер көрсетіп, «Түрксой» халықаралық ұйымының бас хатшысы Д. Қасейіновтың алғыс хатымен марапатталды. Ансамбль мүшесі Жібек Сейтметова Қызылорда облысы әкімі жанындағы "Әйелдер істері" және "Отбасылыќ демографиялыќ саясат жөніндегі комиссияның" ұйымдастыруымен "Миссис Қазақстан - 2011" атты тұрмыстағы әйелдер арасындағы облыстық байқауына қатысып, бас жүлдені иемденіп, республикалық байқауға жолдама алды. «Айсыновтар» халықтық ансамблі үнемі ізденіс үстінде.Репертуарларын жаңа шығармалармен толықтырып келе жатқан ансамбль аудан және облыс көлемінде өтетін түрлі шараларға атсалысып, өз үлесін қосып келеді. 2017 жылы Түркия мемлекетінің Қайсери қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттер арасындағы фестивальге ансамбль мүшесі С.Айсынов қатысып өз өнерін көрсетіп келді.ЭКСПО 2017 көрмесде «Сыр дария-Жыр дария» атты Гала-концертке қатысып Обылыс әкімінің Қ.Көшербаевтың алғыс хатымен марапатталды. Ансамбль мүшесі Ж.Әбдірейімқызы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ансамбль жетекшісі А.Нәлтаева «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының арнайы «Ананың шапағаты» атты медалімен марапатталды.
08 қараша 2019 ж. 2 074 0