№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алдымен арға жүгін, содан соң заңға жүгін

Алдымен арға жүгін, содан соң заңға жүгін

    

Қоғамның ең басты құндылығы – адам. Оның өмірге келген күнінен бастап баянды өмір жалғауының барша баспалдақтары Конституциялық заңмен қорғалған. Адамгершілік, ізгілік қарым-қатынастарға берік қазақ қоғамында одан да жоғары тұратын құндылық – бауырмалдық ниеттің басымдығы, көбіне заңға емес, арға жүгінер азаматтың қадір-қасиетімен асқақ еді. Ал бүгін... аудандық сот «Нұр Отан» партиясы аудандық өкілдігі және аудандық кітапхананың бас біріктіре отырып, ұйымдастырған мәдени шара осы тақырыпқа жан-жақты талдау жүргізуге бағытталды.
Жиналғандар алдында сөз алған Жаңақорған аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Әлия Бердібекқызы бастама көтерген бүгінгі басқосудың мәні мазмұны жөнінде түсіндіре келіп, отбасындағы қарым-қатынас стиліне ықпал ететін жағдаяттарды әңгімеледі.
Еліміздің ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы 27 бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі міндеті, кәмелетке толған еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті, – деп атап көрсеткен ол төмендегі мәліметтерге тоқталды.
Жаңақорған ауданында 2016 жылы 482 неке тіркелсе, 2017 жылы 519, 2018 жылдың 10 айында 394 неке тіркелген. Алайда 2016 жылы – 94, 2017 жылы – 88, 2018 жылдың 10 айында – 91 неке бұзылған. Пайыздық өлшеммен алатын болсақ, 2016 жылы некелердің 19,5 пайызы, 2017 жылы – 16,9 пайызы, ағымдағы жылдың 10 айында 23 пайызының бұзылуы тіркелген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының шеңберінде Қызылорда облысы соттарына «Отбасылық сот» пилоттық жобасын енгізу жоспарлануда.
«Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты – отбасы құқығын қорғау, отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне ықпал жасау. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасымен келісімде өмір сүруіне, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесу.
Жаңақорған аудандық сотының өндірісінде 2016 жылы некені бұзу санатында 103 азаматтық іс қаралса, оның 85-і немесе 82,5 пайызы бойынша неке бұзылған, 4 іс бойынша тараптар медияция тәртібімен татуласуына байланысты с өндірістен тоқтатылып, неке сақталған.
Ал 2017 жылы осы санатта қаралған 117 азаматтық істің 82-і немесе 68,3 пайызы бойынша неке бұзылса, 19 іс бойынша ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласып, неке сақталған.
Ағымдағы жылдың 10 айында неке бұзу санатында 93 іс қаралса, оның 67-і немесе 72 пайызы бойыеша неке бұзылса, 12 іс бойынша ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласып, неке сақталған.
09 тамыз 2019 ж. 826 0