№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ РӘМІЗДЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ РӘМІЗДЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ


Мемлекеттік нышандар қай кезде де елдік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде үнемі назарда тұрады. Елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін көтеретін бұл рәміздер халықтың рухы мен айбынын ғана білдіріп қоймайды. Олар мемлекеттің әлемдік өркениет көшіндегі орны мен деңгейін айқындайды. Иә, Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба – тәуелсіздіктің тірегі, бабалардың асқақ арманы мен асыл мұраты. Осы тұста, 4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай, орталық алаңда салтанатты шара өтті. «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» атты мерекелік мәдени басқосудың шымылдығын түрген аудан әкімі Ғалым Әміреев:
– Біз, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамен және кез–келген азаматтың патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранмен айбынды ел болдық. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Өздеріңізге белгілі, 1992 жылдың 4-маусымында Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал, 2007 жылы 4-маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт–санасын, қаhармандығы мен даналығын болашаққа деген үмітін, арман–тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, – деді.
Иә, егеменді ел мен Тәуелсіздігін паш ететін мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, азат елдің символы рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – Отан алдындағы ұрпақтар борышы.
Мұнан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы №319 Жарлығына сай «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілері салтанатты түрде ант қабылдады. Талап ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрсұлтан Алимахаматұлы мен аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы Самал Нұрлыбаева көпшілік алдында Ата заңға алақанын қойып, ант берді.
Одан әрі ауданның әлеуметтік-эконмикалық дамуына үлес қосқан бір топ сала үздіктерін аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы «Алғыс хатпен» марапаттады. Мереке де мерейі тасып, үздіктер тұғырынан көрінген қызметкерлер қатарында; аудандық мәдениет үйі жанындағы «Дала жұлдыздары» халықтық мәдени-үгіт бригадасының жетекшісі Қалберген Архабаев, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Нағима Ділманова, «Жаңақорған тынысы» редакциясының газет таратушысы Азамат Асанов, аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Ербол Раманқұлов бар.
Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының патриоттық бағыттағы концерттік бағдарламасына ұласты.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
05 маусым 2018 ж. 1 794 2

Гость Jeahulalf от 21 ақпан 2019 23:42
Amoxicillin 500mg Walmart Prices viagra Canadian Pharmacy Drugs Online

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 15:41
Can I Buy Misoprostol At Walgreens buy viagra Amoxicillin For Cat Urinary Infections