№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баян ҮСЕЙІНОВА: Алдымен арға жүгін, содан соң заңға жүгін

Баян ҮСЕЙІНОВА: Алдымен арға жүгін, содан соң заңға жүгін



Қоғамның ең басты құндылығы – адам. Оның өмірге келген күнінен бастап баянды өмір жалғауының барша баспалдақтары Конституциялық заңмен қорғалған. Адамгершілік, ізгілік қарым-қатынастарға берік қазақ қоғамы одан да жоғары тұратын құндылық – бауырмалдық ниеттің басымдығы, көбіне заңға емес, арға жүгінер азаматтық қадір-қасиетімен асқақ еді. Ал бүгін...
Аудандық сот, «Нұр Отан» партиясы аудандық өкілдігі және аудандық кітапхананың бас біріктіре отырып ұйымдастырған мәдени шарасы осы тақырыпқа жан-жақты талдау жүргізуге бағытталды.

  Жиналғандар алдында сөз алған Жаңақорған аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Әлия Бердібекқызы өздері көтеріп отырған бүгінгі басқосудың мәні мен мазмұны жөнінде түсіндіре келіп, отбасындағы қарым-қатынас стиліне ықпал ететін жағдаяттарды әңгімеледі.
Еліміздің ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі міндеті, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамды азамат еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндеттілігін атап көрсеткен ол төмендегі мәліметтерге тоқталды.
  – Жаңақорған ауданында 2016 жылы 482 неке тіркелсе, 2017 жылы 519, 2018 жылдың 10 айында 394 неке тіркелген. Алайда 2016 жылы – 94, 2017 жылы – 88, 2018 жылдың 10 айында – 91 неке бұзылған. Пайыздық өлшеммен алатын болсақ, 2016 жылы некелердің 19,5 пайызы, 2017 жылы – 16,9 пайызы, ағымдағы жылдың 10 айында 23 пайызының бұзылуы тіркелген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының шеңберінде Қызылорда облысы соттарына «Отбасылық сот» пилоттық жобасын енгізу жоспарлануда.
«Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты – отбасы құқығын қорғау, отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне ықпал жасау. Кәмелеттік жасқа толмаған бала­лардың ата-анасымен келісімде өмір сүруіне, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесу.
Жаңақорған аудандық сотының өндірісінде 2016 жылы некені бұзу санатында 103 азаматтық іс қаралса, оның 85-і немесе 82,5 пайызы бойынша неке бұзылған, 4 іс бойынша тараптар медияция тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылып, неке сақталған.
Ал 2017 жылы осы санатта қаралған 117 азаматтық істің 82-і немесе 68,3 пайызы бойынша неке бұзылса, 19 іс бойынша ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласып, неке сақталған.
Ағымдағы жылдың 10 айында неке бұзу санатында 93 іс қаралса, оның 67-і немесе 72 пайызы бойынша неке бұзылса, 12 іс бойынша ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласып, неке сақталған.
«Отбасылық сот»пилоттық жобасы еліміздегі некелердің сақталуына, отбасы құндылықтарының басты назарда болуына ықпал етіп, өзінің тиімділігін көрсетеді деген сенімдеміз, – дейді.

Отбасы – бақыт мекені

Ізгілікті қоғам құруға бағытталған барша құндылықтар отбасында қалыптасады. Келешек өмірге қол ұстасып жұптасып бірге қадам аттаған жас жұбайлар осындай жауапкершілігін сезіне ме? Жастарымызды болашақ отбасы бақытына байыпты көзқарасқа баулуда бағыт-бағдарымыз қандай? Бұл жөнінде жиын модераторы, аудандық орталық кітапхана директоры Әсем Тілеубергенова сөз кезегін ауданның бас имамы Садулла Омаровқа берді.
– Жер бетіндегі адамзат бір ата, бір анадан жаралған. Неке – ердің әйел алдындағы хақысын, әйелдің ері алдындағы ақысын сипаттайтын киелі ұғым. Осы заңдылық мықтап сақталған отбасында береке болады. Ерін хан тұтқан әйел ханшайым болады. Ата-ананың перзенті алдындағы міндеті жақсы ат қою, ілім үйрету, көркем мінезге баулу, жақсы жар таңдау, – дей келе, отбасы – рухани құндылықтарды қалыптастыратын мектеп, сондықтан отбасының әрбір мүшесі өз міндеттіліктерін адал атқаруы керек екенін айтты.
Бүгін – күн жұма, сонымен қатар Пай­ғамбарымыздың (С.А.У) туған күні – Мәуліт айының алғашқы күні екеніне тоқталып, осы күнге ізгі ниетті шараны ұйымдастырып отырған туған жер тағдырының туған жер тағдырының бүгіні мен болашағы жанашырларының қызметіне береке тіледі.
Бүгінде әйел – азаматтардың ролі ерлермен бірдей, қоғамның барлық саласында қызмет атқарып жүр. Осы орайда Сунақата ауылының әкімі қызметін атқарған, Елбасымен кездесу жиынында «мен әкім болсам да отбасында аяулы жар, үлгілі келін болуды міндетім деп түсінемін» деген сөзімен Мемлекет басшысының риясыз ықыласын иеленген қайраткер-ана, қазірде аудан әкімінің отбасы және әйелдер істер жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева ері Кенбай Қыжыров екеуі сахна төріне қошеметпен шақырылып, елге өнегелік өсиеттерін айтуға мүмкіндік берілді. Ұлағатты отбасы ретінде дәріптелген Қыжыровтар отбасына залда отырған жастар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптардың куәсі болдық.
Отбасындағы туындаған мәселелерді шешу, балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық, отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері туралы көп жылдар ауданымызда судья болып қызмет атқарған, сала ардагері Кенжекүл Көпесова жан-жақты түсініктеме жасап, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Заңның тегеурінділігін, әркімнің өз құқына жауапкершілігін жете сезіндіру мақсатында аудан­дық соттың бұдан бұрын да халықты қатыстыра отырып ашық сот отырыстарын өткізу талабына куә болып, оған өзіміз де қатысып, басылылымда ақпараттандырып жүрміз. Ал бүгінгідей, яғни әйел – ана тақырыбына дендей бет бұрып, тереңірек талқыға салған шарадан нәзік жандыларға артылар міндет салмағын таразылай түскендейміз.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
13 қараша 2018 ж. 1 145 0