Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫҒАНАҚ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ АСТАНАСЫ

СЫҒАНАҚ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ АСТАНАСЫ

         
Сыр өңіріндегі небір тарихи оқиғалар болып өткен. Осы жерде туып өскесін оның өткен жылдарын аңсап ой құшағына енетінмін. Мектепті 1974 жылы бітірген соң, оқу іздеп жүріп, ұлы қазақ даласының өзге жерлерінде де жиі болудың сәті түсті. Сол жылдардан кейін, одан кейін де Ұлытауда, Қазығұртта, Отырарда бірнеше мәрте болуыма тура келді.
Тарихи орындарға аса көңіл бөлудің үлгісі осы жерлерде екен ғой, деген ой жүрді санамда. Бір ғана Отырар ауданында екі музейдің (Руханият – Әбу Наср әл-Фараби, Отырар қорық-музейі) мемлекеттік қарауында қызмет істеуі мен қатты сүйсіндірді. Осындай жәйтті Ұлытау мен Қазығұртқа қатысты да айтуға болады.
Ал шындығына келер болсақ, біздің өңірде де өзге жұртты тамсандыра алатын музейге сұранып тұрған қаласы бар екеніне неге көңіл аудармаймыз? «Жаңақорған тынысы» газетінде (21 ақпан, 2019 ж) «Сығанақ елдіктің нышаны» атты мақаланы оқып шыққан соң, өзіміздің де ер азаматтарының өткенге шынайы көзбен қарайтындығына қуандым.
Мақала авторы Фахриддин Тұрғанбаев Сығанақ қаласының атын Жаңақорған ауданының атына ауыстыруға қатысты өзінің салиқалы ойын білдіріпті. Несі бар. Өте құптарлық іс. Жоғарыдай айтқанымдай, біздің де өз жеріміздегі тарихи орындарға мән беретін кезіміз жетті ғой, деп ойлаймын.
Көне Сығанақ қаласының ұлы қазақ жұрты үшін алатын орны ерекше екенін баса айтуым да сондықтан. Бұл қалай жайлы өзіміздің жерлесіміз, белгілі жазушы Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы» тарихи романында керемет суреттеледі емес пе? Талай хандық өзінің шатырының төбесіне туды осы Сығанақта тіккендігі көне жазбаларда сайрап жатыр.
Бүгіндері «Рахуни жаңғыру» бағдарламасының іске асырылып жатқандығы, соған орай Сығанақ қаласына қатысты бірқатар шаралар өткені де есімде. Олай болса, Жаңақорған ауданының атын Сығанақ ауданына өзгертудің еш оғаштығы жоқ. Қайта бұл атау ауданның мерейін асырып, мәртебесін көтеріп, біздің елдігіміздің жарқын көрінісі болатынына мен сенімдімін.
Болат СЕЙТБЕКОВ, ел ағасы, Жаңарық ауылдық округі.
30 шілде 2019 ж. 1 146 0