Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ОНОМАСТИКА – ЕЛДІКТІҢ ТҰТҚАСЫ

ОНОМАСТИКА – ЕЛДІКТІҢ ТҰТҚАСЫ


Жалпы, тарихқа қызықпайтын адам кемде-кем. Ал, тарихи маңызы зор жерлердің ауасын жұтып, суын ішкендердің тарихқа қызығушылығы ерек болатыны түсінікті-ақ. Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қолыма тиіп, ықыласпен оқып шықтым. Онда Ұлы Дала аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға беріліп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталған. Әсіресе, біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі жақсы суреттелген екен.

Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсіп, жастардың төл тарихқа деген қызығушылығы айтарлықтай артты деп ойлаймын. Содан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығы халықтық деңгейде аталып өтті.
Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихты тануға, қайта зерттеп, жаңғыртуға бағыт-бағдар берді. Мұнын бәрі мемлекеттік деңгейде жүзеге асатын құндылықтар екені даусыз.
Жақында аудандық газетте «Сығанақ – елдіктің нышаны» деген мақала жарық көрді. Өзімнің кіндік қаным тамған жерге байланысты мақала болғандықтан зор ықыласпен зер салдым. Мақала шағын болғанымен көтерген жүгі ауыр, мазмұнды екен.
Автор Сығанақ секілді тарихи атауды жаңғыртудың маңызы зор екенін айта келіп: «Жаңақорған ауданы «Сығанақ ауданы» деп өзгертілсе оны жастар да, орта буын да, ел ағалары да қолдайды деген ойдамын», деп қорытыпты. Әрине, өте орынды бастама. Жастардың тарихты танып, ұлттық танымы мен санасын өсіріп, рухын асқақтатын жоба екені ақиқат. Мен Сунақата ауылының тұрғыны ретінде мұны қолдаймын. Дегенмен, бұл бастама Сунақата ауылынан бастау алу керек секілді. Себебі, Сығанақтың іргесінде жатқан қоныс тарихи атауымен аталғаны орынды. Мәселен, көне Сауран шаһарының іргесіндегі елді мекен «Суран» деп аталмай ма?
Расында, ономастика – елдіктің тұтқасы десек, алдымен көне Сығанақ шаһары аумағындағы елді мекенді «Сығанақ» деп атау әділетті болар еді.

Қали ӘДІЛБЕКҰЛЫ,
Сунақата елді мекені, ел ағасы.
---
17 наурыз 2019 ж. 922 0