«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ ЖАҢАҚОРҒАНДА ӨТТІ
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу бағытындағы игі шаралар жалғасын табуда. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясын қолға алып, аталған бастаманы дәстүрлі түрде аптаның бейсенбі күндері өткізіп келеді.Аталған акцияның негізгі мақсаты – тазалықты бір реттік шара ретінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру және жастарға өнеге көрсету. Осы міндетті жүзеге асыруда Жаңақорған ауданында да белсенді жұмыстар атқарылуда.
«Таза бейсенбі» науқаны аясында «AMANAT» партиясының Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жаңақорған кентіндегі Бекмахан Дүйсенбаев көшесінің бойында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға аудандық “AMANAT” партиясы депутаттық фракция жетекшісі Бибасарова Лаура Әбілханқызы, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, аудандық партия филиалының қызметкерлері, жастар қанатының белсенділері және ерікті азаматтар қатысты.
Бұл экологиялық бастаманы жалғастыру арқылы қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруды, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, туған жерге деген жанашырлықты арттыруды өзінің маңызды міндеті деп білемін. Бұл – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі ғана емес, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық ізгі істердің бастауы деп санаймыз. Ел көркіне, мемлекет тағдырына бей-жай қарамайтын барша отандастарымызды тазалық акцияларына белсенді қатысуға шақырамыз» - деп атап өтті фракция жетекшісі Лаура Әбілханқызы.
«Таза бейсенбі» акциясы тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілігін арттыру.




