Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Қазіргі таңдағы қоғам дерті — сыбайлас жемқорлық болып отыр. Онымен тек қана уәкілетті органдар емес, мемлекет және қоғам болып күресудің маңызы зор. Бар тәрбие тал бесіктен демекші, азаматтық қоғам құрудың алғашқы іргетасы ұрпақ тәрбиесінен басталады.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы ҚР Конституциясына негізделе отырып, ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы және өзге де нормативтік актілерден құралады. Осы сыбайлас жемқорлық фактілерімен күресудің бірден бір әдісі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарға қолданылатын жауапкершілік пен жазаның қатаңдауы. Жыл сайын жаңартылып отыратын құқықтық реформалар да осы сыбайлас жемқорлық фактілерін боладыртпау, алдын алу бағытында дайындалып, жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» - бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстандықтың өмір стиліне айналу керек.
Жаңақорған аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау басқармасының
басшысы Ш.Айдарова




