Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 361

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Туберкулез ауруының эпидемиологиялық ахуалы мен алдын алу шаралары!

Туберкулез ауруының эпидемиологиялық ахуалы мен алдын алу шаралары!


Аудан бойынша 2025 жылдың 11 айында алғаш анықталған туберкулез ауруының 29 жағдайы тіркеліп аурушаңдық көрсеткіші 35,5 құрады, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдай, жасөспірімдер арасында 3 жағдай есепке алынды. Былтырғы жылдың осы кезеңінде 26 науқас есепке алынып аурушаңдық 31,8 құраған, биыл аурушаңдық 10 пайызға өсу орын алды. Барлық тіркелген туберкулез ауруының 25 жағдайы тыныс жолдарының туберкулезі, 4 жағдайы өкпеден тыс туберкулезді құрап отыр.
Туберкулез - ауру адамнан сау адамға жұғатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы-туберкулез микобактериялары. Инфекцияның негізгі көзі туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас болып табылады, ол жөтелгенде немесе түшкіргенде қақырық және басқада бөлінділер арқылы туберкулез таяқшаларын сыртқы ортаға бөледі.
Туберкулез инфекциясының негізгі жұғу жолы – ауа арқылы. Науқас адамның жөтелу кезінде қақырықтың (сілекей) аса кішкентай, көзге көрінбейтін, 2 метрге дейінгі қашықтыққа таралатын ерекше «аэрозольдер» пайда болады. Науқас күніне 7 миллиардқа дейін туберкулез таяқшаларын аэрозоль түрінде қоршаған ортаға шығарады, олардың кейбіреулері еденге немесе жергетүсіп, ұзақ уақыт сақталады.
Туберкулезбен ауыратын науқас гигиеналық ережелерді сақтамаса, қақырықты тікелей еденге немесе жерге түкіреді. Туберкулездің микобактериялары шаңмен (бөлмелерді тазалау кезінде (құрғақ сыпыру), ауамен араласып, тыныс алу жолдары (мұрын, кеңірдек, трахея, бронхтар) арқылы адамның өкпесіне тікелей түседі. Осылайша ауруды жұқтыру орын алады.
Туберкулез ауруының негізгі клиникалық белгілері:
- дене қызуының (37,5 С) көтерілуі,
- жөтел (құрғақ немесе жеңіл бөлінетін қақырық),
- әлсіздік,
- тершендік (әсіресе түнде);
- тәбетінің болмауы;
- дене салмағының төмендеуі;
- кеуде қуысының ауруы;
Диагностикалық тұрғыдан аса маңызды белгілерінің бірі - 3 апта бойы қайтпайтын жөтел, қақырық тастау, дене салмағын жоғалту болып табылады. Алайда, бұл белгілер туберкулезге ғана тән емес, сонымен қатар кеуде қуысының басқа органдарының ауруларына ұқсас болуы мүмкін, сондықтан мұндай белгілер пайда болған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды. Дереу медициналық мамандарға хабарласып, зертханалық және аспаптық тексеруден өткен жөн.
            Туберкулез ауруының алдын алудың басты шарттары:
1. Әр адамның өз денсаулығына немқұрайды қарамауы;
2. Денсулығына шағымдары болған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралуы;
3. Жылына 1 рет флюорографиялық тексеруден өтуі;
4. Толыққанды, сапалы тамақтануы;
5. Ауру адаммен қарым-қатынаста болған жағдайда, алдыңғы флюорографиялық тексеруден өткеніне 6 ай немесе оданда көп уақыт өтсе, қайта тексерілуі керек;
6. Бөлмелерді жиі желдендіру;
7. Балалар арасында туберкулез ауруының ерте кезінде анықтау үшін 14 жасқа дейінгі балаларға Манту сынамасы қою;
8. Жаңа туған нәрестелерге БЦЖ вакцинациясы нәрестенің туылғаннан кейінгі алғашқы төрт күн ішінде егу кабинетінде жүргізу.Балаларды ерте кезде екпемен қамту оларды туберкулездің ауыр түрлерінен қорғайды.
Жаңақорған аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау басқармасының
басшысы Ш.Айдарова
03 желтоқсан 2025 ж. 1 041 0