Монументтік өнер құрылыстарын орнатудағы маңызды өзгерістерге назар аударыңыз!
Жаңақорған ауданы әкімдігі ескерткіштер мен монументтік өнер нысандарын орнатуға қатысты төмендегі мәліметті ресми түрде жариялайды.Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 11-бабына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығымен бекітілген Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларына сәйкес, жаңа монументтік өнер туындыларын (ескерткіш, стелла, бюст) орнату тәртібі нақты регламенттелген.
Қазіргі таңда монументтік өнер нысандарын орнату мәселесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Осыған байланысты, ескерткіш орнатуға қатысты бастамалар ретке келтіріліп, біріздендіру жөнінде тапсырма берілген. Аталған тапсырмаға сәйкес, ескерткіш орнатылатын тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1465 қаулысына сәйкес белгіленген «Тарихи тұлғалар» тізіміне енуі қажет.
Ескерткіш орнатуға қатысты кез келген ұсыныс алдымен аудан әкімдігіне жолдануы тиіс. Түсетін ұсыныстар әкімдік жанындағы комиссияда қаралып, оның ауданның даму жоспарларына сәйкестігі, әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, идеологиялық негізділігі және мазмұндылығы жан-жақты сараланады. Қажет болған жағдайда, ұсыныстар қоғамдық талқылауға шығарылады.
Талаптарға сай келген идеялық ұсыныстар тиісті құжаттар топтамасымен республикалық деңгейдегі уәкілетті органға жолданып, Арнайы жоспарға енгізу мәселесі қаралады. Арнайы жоспарға енгеннен кейін ғана Республикалық комиссия тарапынан идеялық және эскиздік жобаларға келісім беру рәсімі жүргізіледі. Ескерткіш орнатуға тек Республикалық комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.
Айта кету керек, заңнамаға сәйкес аудан аумағындағы тарихи-мәдени мұра объектілері болып саналатын және мемлекет қорғауына алынған ескерткіштердің қорғау аймақтарында кез келген құрылыс жұмыстарына тыйым салынады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 145-бабында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 10, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны көрсетілген.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды ескермей, монументтік өнер құрылыстарын заң талаптарын бұзып жүргізсе ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Кодексінің 145-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу болып табылады.
«Жаңақорған ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі» КММ