№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ТАРИХ – ХАЛЫҚТЫҢ ЗЕРДЕСІ

ТАРИХ – ХАЛЫҚТЫҢ ЗЕРДЕСІ


Ұлытау, Қазығұрт, Отырарға жол түсіп, тарихи жерлерді көргенім бар. Ондағы жұрт Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттасы – тарих» дегенді қаперге алып, тарихты халықтың зердесіне балайды екен. Бір ғана Отырар ауданында Әбу Насыр әл-Фараби атындағы руханият мұражайы мен Отырар қорық-музейінің жұмыс жасауы сүйсіндірді. Мұндай қамқорлықты Ұлытау мен Қазығұртқа қатысты да айтуға болады.

Сыр өңірінде де жаңғыртуға сұранып тұрған тарихи орындар көп. Соның бірі – Сығанақ қаласы. «Жаңақорған тынысы» газетінің 19 ақпан күнгі нөмірінде «Сығанақ елдіктің нышаны» атты мақала шықты. Мақала авторы Фахриддин Тұрғанбаев Сығанақ қаласының атын Жаңақорған ауданының атына ауыстыруға қатысты өзінің ойын білдіріпті. Өте құптарлық іс. Жоғарыдай айтқанымдай, біздің де өз жеріміздегі тарихи орындарға мән беретін кезіміз жетті.
Сығанақ қаласының ұлттық маңызы ерекше екенін баса айтуым сондықтан. Бұл жөнінде белгілі жазушы Дүкенбай Досжаннан артық айта алмаспыз. Қалемгер өзінің «Жібек жолы» романында Сығанақтың Ұлы Дала еліндегі тарихи маңызын жан-жақты дәйектеп, ұлттық рухты асқақтататын құрал екеніне мән берді.
Ендеше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы, «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында Сығанақ қаласын Жаңақорған ауданына ауыстыруға болатындай. Бұл ауданның мерейін асырып, мәртебесін көтеріп, тарихи сабақтастыққа мән бергеніміз болар еді.

Болат СЕЙТБЕКОВ,
Жаңарық ауылдық округінің тұрғыны, ел ағасы.
---
17 наурыз 2019 ж. 1 149 0