Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АГРОАЙМАҚ ТАБЫСТЫ АРТТЫРАДЫ

АГРОАЙМАҚ ТАБЫСТЫ АРТТЫРАДЫ


Тұңғыш Президент Жолдауында агроөнеркәсіп секторын дамыту мәселесін көтеріп, ауыл шаруашылығын ел экономикасының драйверіне айналдыру қажеттілігін айтты. Жаңақорған – ауыл шаруашылығы саласына бейімделген аудан. Осыны аудан әкімі Ғалым Әміреев тиімді пайдаланып, саланы тың арнаға бағыттап, жұмыссыздықты азайтып, жастарды кәсіпкерлікке, еңбекке баулу мақсатында кент және ауылдық округтерден агро-индустриялық аймақ құруға бастамашы болды. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп, әл-ауқатын көтеруде агро кешенді дамыту маңызды. Әсіресе жергілікті жердің өнімі тұрғындарға қолжетімді болары анық. Біз Жаңақорған кентінің аумағындағы арнайы аймаққа барып, дала жұмысшыларымен тілдестік.

Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Серік Сейдуалиевтің айтуынша, ауданда ашылған агроаймақтардағы бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстар басқа тұрғындардың да ерекше қызығушылығын туғызып отыр. 2019 жылы барлық агроаймақтар бойынша 326 гектар жер қоршалып, 259 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Қалған жер көлемі тыңайған жер ретінде келесі жылы игеріледі екен. Агроаймақтардағы шаруаларға икемділігін танытқан жұмыссыз 97 азамат еңбекпен қамтылған.
Әр ауылдар өздерінің бейімделген және нарықта сұранысы жоғары дақыл түрлеріне ден қойған. Мәселен, Қандөз ауылдық округінде тары егілді.
Ауылдық округ аумағында тұратын жұмыссыз 45 адам еңбекпен қамтылып, 12 адам кәсіпкер ретінде тіркелді. Қаратөбе ауылдық округіндегі агроаймақтың 9 гектарына бау-бақша және 4 гектарына тары дақылы егілді. Онда 7 адам жұмыспен қамтылып, барлығы кәсіпкер ретінде тіркеуден өткізілді. Егістікті суландыру Мұсаханов каналы арқылы жүргізілуде. Төменарық ауылдық округіндегі агроаймақтың 37 гектарына көкөніс, бақша дақылдары егілді. Ауылдық округке қарасты бес адам жұмыспен қамтылса, олардың төртеуі кәсіпкер ретінде тіркеуден өтті, – дейді сала маманы.
Агроаймақтардың ішінде жұмысын жемісті жүргізіп жатқан Ақүйік ауылдық округі мен Жаңақорған кенті маңындағы агроаймақтарға жекелеп тоқталсақ. Қазір Ақүйіктегі агроаймақтың көлемі 100 гектарды құрайды. Ауылдық округке қарасты 25 адам жұмыспен қамтылды. Олардың бесеуі кәсіпкер ретінде жұмыс жасауда. Қазір Ресейден келген жүк көліктеріне қарбыз тиелуде. Берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланған ақүйіктіктер картоп, қияр, жүгері, қызанақ егіп, өнім алуда.
– Өткен жылы аудан әкімінің бастамасымен, аудандық бюджеттен 9 млн. 500 мың теңге бөлініп, ауыл шетінен агроаймаққа бөлінген 100 гектар жер қоршалды. Оның 40 гектарына қауын-қарбыз, картоп, жүгері дақылдары егілді. Қордың қаражатына су айдағыш мотор алынып, «Шұқырой» су қоймасынан егіс даласына дейін су тартылды. Ал, «Қызылқұм» ЖШС демеушілік жасап, 15 тонна жанармаймен қамтыды, – дейді Ақүйік ауылдық округінің әкімі Әскербек Мұсаев.
Агроаймақтан ақүйіктік кәсіпкерлер Файзулла Исаев, Нұрғали Оңалбаев, Мейрамхан Серкулов әрқайсысы 5 гектардан жер алып, еңбек етсе, қалған жерді көрші Жайылма ауылының тұрғындары пайдалануда.
Жаңақорған кенті бойынша 49 гектар жер қоршалып, бақша көкөніс, жүгері және картоп дақылдары орналастырылып, жұмыссыз 15 адам жұмыспен қамтылып, оның ішінде, 5 адам кәсіпкер ретінде тіркеуден өтті.
Бүгінде қара жерден ризық терген диқандардың еңбегі ақталып, еккен өнімдері жайқалып жемісін беруде. Алдағы уақытта алынған өнім түрлері Астана қаласында өтетін Қызылорданың жәрмеңкесіне және облыста көкөніс бағасын тұрақты ұстау мақсатындағы қалалық жәрмеңкеге жіберіледі. Сонымен қатар, Ақтөбе облысындағы жәрмеңкеге де көкөніс және бақша дақылдарын жөнелту жоспарда бар. Қалай болғанда да, экологиялық таза өнімдер жерде қалмайтыны хақ.
Иә, ауданда кәсіпкерлікті дамытудың ең тиімдісі – ауыл шаруашылығы саласы болып тұр. Ал агро аймақтар тиімді бизнес көзін жүзеге асырудың тетігіне айналды. Аудан әкімінің бастамасын игілігіне икемдеген іскер қауым аграрлық саланың пайдасы мол екендігіне көз жеткізіп, кәсіпкерлікке мықтап ден қоя бастады.

Ескендір ЕРТАЙ
27 шілде 2019 ж. 922 0