№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АГРОАЙМАҚТАР: маусымдық қарекет маңызы

АГРОАЙМАҚТАР: маусымдық қарекет маңызы


Ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды драйвері екені анық. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтты. Расында, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп, әл-ауқатын көтеруде егін шаруашылығының орны бөлек. Осыны ескерген аудан әкімі Ғалым Әміреев агро-индустриялық аймақ құрып, еңбекке ынталыларды пайдалы қарекетпен қамту жолдарын жолға қойды. Нәтижесінде, былтыр 12 кәсіпкер аталмыш аймақтан жер алып, оның жемісін көрді.
Тарқатып айтқанда, талапты мақсатқа талпынған тұлғаларға екі гектардан жер беріп, қоршалып, суы жеткізілді. Бұл мүмкіндікті ұтымды пайдаланған кәсіп иелері картоп, қияр, жүгері, қызанақ, қауын, қарбыз секілді көкөністерді егіп, әрқайсысынан ең азы бір тоннадан өнім алып, жиырмаға жуық адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде үлкен көлемде табысқа жеткендері де бар.
– Өткен жылы агроаймаққа егін еккендердің барлығы нәтижелі жұмыс жасады. Олар биыл да егін егуге дайын отыр. Мәселен, былтыр Ұлданай Тойымова, Нұрлан Искаков, Ибадулла Батырбеков, Дина Ахметова сынды азаматтар өте жақсы жұмыс жасады. Биыл да агроаймаққа қызығушылық танытып, білекті түріп отырғандар көп. Негізінен, бұл бастама жұмыссыздықты жоюдың бірден бір жолы, – дейді кент әкімі аппаратының бас маманы Алмагүл Мамирова.
Оның айтуынша, биылғы жылы бақша дақылдарын өз ауласына егемін деген адамға тұқымның барлық түрі қарызға беріледі. Ақысын тұқымды алып, егін егіп, өнімін жинағаннан кейін қайтаруына болады. Тұқым «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КЕАҚ қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан алынады. Демек, сортталып, жақсы өнім беретін тұқым түрлері ұсынылатыны анық.
– Былтыр агроиндустриялық аймақтан 3 гектар 60 соттық жер алдық. Одан 70 тонна қарбыз, 38 тонна картоп алып, 4 адамды жұмыспен қамтыдық. Биыл сол жерге толықтай жүгері егуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, тағы 15 гектар жердің 5 гектарына жоңышқа мен мақсары ектік. Қалған 10 гектарына қауын, қарбыз, қартоп, сәбіз және т.б. егіп, 4 адамды тұрақты, 4 адамды маусымдық жұмыспен қамтамасыз етпекпіз, – дейді жеке кәсіпкер Ұлданай Тойымова.
Алмагүл Жұмаділләқызының сөзінше, егін шаруашылығына қызығушылық танытып, агроаймақтан жер сұрап отырғандар мен ауласына бақша егуге ниет білдіргендер саны 60-қа жуықтапты. Алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасын тауып, ынта білдіргендерге қолдау көрсетіле бермек.
Айта кететіні, агроаймақта егін егетіндер биыл бірқатар мүмкіндікке ие болады. Яғни, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты арнайы аймақ еңбеккерлерін ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымымен қамтамасыз етеді (40 пайыз). Сондай-ақ, ғылыми тұрғыда сүйемелдеу жұмыстарын мойындарына алады. Ендеше, тұрғындарды мүмкіндікті қалт жіберіп алмауға шақырамыз.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
31 наурыз 2018 ж. 1 371 1

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 23:10
Baclofen Generique 25mg Amoxicillin Dosage Chart http://truthaboutstaininggrid.com Medicpills