№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Агроаймақ – тиімді бизнес тетігі

Агроаймақ – тиімді бизнес тетігі


Биыл аудан әкімі Ғалым Әміреев жұмыссыздықты азайтып, жастарды кәсіпкерлікке, еңбекке баулу мақсатында алты ауылдық округтен агро-индустриялық аймақ құруға бас­тамашы болды. Бірақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты агроаймақтардан өнімді өнім алды дей алмаймыз. Дегенмен, Ақүйік ауылдық округінде құрылған арнайы аймақтан диқандар несібесін жеткілікті деңгейде жинауда.
Ауыл шаруашылығы ел эко­­но­ми­касының маңызды драйве­рі. Халықты азық-түлікпен қам­та­масыз етіп, әл-ауқатын көтеруде егіннің алар орны бөлек. Әсіресе, жергілікті жердің өнімі тұрғындарға қолжетімді болары анық. Осы тұста, Жаңақорған кенті, Ақүйік, Сүттіқұдық, Төмен­арық, Қаратөбе және Қандөз ауылдық округінде агро аймақ ашылды. Берілген жерлер қоршалып, аяқ су жеткізілді. Құрылған агро аймақтардан еңбекке ынталылар қарекет жасап, маусымдық жұмыстан өз үлесін алуда еңбектенді. Нәтижесінде, тұрғындар еңбегіне қарай өнімін көрді.
Тарқатып айтқанда, берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланған ақүйіктік ағайын картоп, қияр, жүгері, қызанақ, қауын, қарбыз егіп, өнім алды. Екі тұрғын кәсіпкерлікке тіркеліп, он бес адам маусымдық жұмыспен қамтылды.
– Биыл аудан әкімінің бастамасымен, аудандық бюджеттен 9 млн. 500 мың теңге бөлініп, ауыл шетінен агро аймаққа бөлінген, 100 гектар жер қоршалды. Оның 40 гектарына қауын-қарбыз, картоп, жүгері дақылдары егілді. Қордың қаражатына су айдағыш мотор алынып, «Шұқыр ой» су қоймасынан егіс даласына дейін су тартылды. Ал, «Қызылқұм» ЖШС-гі демеушілік жасап, 15 тонна жанармаймен қамтыды, – дейді Ақүйік ауылдық окрігінің әкімі Әскербек Мұсаев.
Бүгінде қара жерден ризық терген диқандардың еңбегі ақталып, еккен өнімдері жайқалып жемісін беруде. Алдағы уақытта алынған өнім түрлері Астана қаласында өтетін Қызылорданың жәрмеңкесіне және облыста көкөніс бағасын тұрақты ұстау мақсатындағы қалалық жәрмеңкеге жіберіледі. Сонымен қатар, Ақтөбе облысындағы жәрмеңкеге де көкөніс және бақша дақылдарын жөнелту жоспарда бар.
Агро аймақтан ақүйіктік кәсіпкерлер Файзулла Исаев, Нұрғали Оңалбаев, Мейрамхан Серкулов әрқайсысы 5 гектардан жер алып еңбек етсе, қалған жерді көрші Жайылма ауылының тұрғындары игілігіне икемдеген.
– Өнім ауа райының қолай­сыздығына бай­ланыс­т­ы ке­ш пісіп-жетілді. Қазір өте жақсы өнім беріп тұрғанымен Ресей мен Қазақстанның Сол­түстік өңірлерінде күн салқын­дағандықтан бақша дақы­лына сұраныс аз, – дейді Файзулла Исаев.
Экологиялық таза өнімдер жерде қалмайтын болар. Себебі, таудың мөлдір суынан нәр алған ауылшаруашылығы өнімдерінің дәмі тіл үйіреді...
Иә, ауданда кәсіпкерлікті дамытудың ең тиімдісі – ауыл шаруашылығы саласында. Ал, агро аймақтар тиімді бизнес көзін жүзеге асырудың тетігі. Аудан әкімінің бастамасын игілігіне икемдеген ақүйіктіктердің ілкімді ісі көпке үлгі болса болғаны...

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 155 0