№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АГРОИНДУСТРИЯ: БҮГІНІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ

АГРОИНДУСТРИЯ: БҮГІНІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ


Былтыр Жаңақорған кентінің аумағынан агро-индустриялық аймақ құрылып, онда 12 кәсіпкерде 20 жұмысшы жерден ризық жинады. Биыл Қаратөбе, Қандөз, Бірлік және Төменарық ауылдық округі әкімдігінің өтініші бойынша агроаймақ құрылатын болады. Ендігі жерде тұрғындарға түсінікті болу үшін жер алу қалай жүзеге асады? Осыған тоқталайық.
Алдымен, жер алуға ниетті тұрғындар ауыл әкіміне өтініш береді. Ол өтініш арқылы аудан әкімі жер қатынастарына далалық зерттеу актілерін жасауға үкім етеді. Соңында аудан әкімінің қаулысы арқылы шешім шығып, жер беріледі. Сондықтан, егін егемін деген азаматтар тек өтініш береді. Ең бастысы, ынта болса болғаны.
Бүгінде дала егісіне Қандөз ауылының тұрғындары сақадай сай отыр. 60 гектарды агро аймаққа айналдыруды мақсат тұтқан ауылдықтар іске белсене кіріскен. Әзірге 60 тұрғыннан өтініш келіп түсіпті. Яғни әрбір тұрғынға шаққанда 1 гектар жерді игеруді жоспарлап отыр. Сәуір айының 15-нен кейін дала жұмысына белсенді кіріспек.
Жалпы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында кәсіпкерлікті дамытудың маңызына тоқталса, Үндеуінде жүзеге асырудың тетігін көрсетті. Бұл ретте, облыс әкімі де шағын және орта бизнес саласына серпін беретін жобаны қабылдады. Яғни, кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде қолдау жүзеге асады. Аудан әкімі жаңақорғандықтардың мұндай игілікті агроөнеркәсіп саласында игілігін көруді ұсынды.
Себебі, Жаңақорған ең тиімді бизнес – ауыл шаруашылығы саласында. Агро-индустриялық аймақтар осы мақсатты жүзеге асыратын тетік. Тек тұрғындар еңбектен қашпай, жұмыс жасауға ниеттері болса болғаны...
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
10 сәуір 2018 ж. 1 377 0