№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КЕЛДІ

МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КЕЛДІ


Мемлекет басшысының бағдармаларын жүзеге асыру жөнінде Қызылорда облысының белсенділігі жоғары. Оған тұрғындардың нарықтық қатынастырды жақсы меңгеруі және жергілікті биліктің бағдармаларды тиімді үйлестіруі сеп. Оның ішінде, Жаңақорған ауданының үлесі айтарлықтай. Оған аудандағы өндірістің өркен жаюы мен кәсіпкерлік саласының қарқын алуы мысал болады. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында атқарылған жұмыстар аз емес.
Осындай басымдықтарды негізге алған Маңғыстау облысының делегациясы Жаңақорғанға арнайы келді. Ондағы мақсат – жергілікті өзін-өзі басқарудағы тың тәжірибелер, кәсіпкерлікті дамытудағы басымдықтар мен ауыл шаруашылығы саласындағы ілкімді істермен танысу.
Делегацияны БҰҰ Даму бағдарламасының Қызылорда облыстық менеджері Баян Егізбаева, «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» білестігінің басшысы Жібек Ахметова бастап келді.
Олар алдымен Жаңақорған кентіндегі агро-индустриялық аймақпен танысты. Онда «Сыр табиғаты» ЖШС төрағасы Амантай Сарбасов тұқым бағының жұмысын көрсетті. Екі жыл бұрын оннан аса жеміс ағашының тұқымы себілген еді. Соның 95 пайызы өнді. Жақында оларды будандастыру жұмыстары жүргізілді.
– Қазақстанда бірнеше жерде ғана тұқым бақтары бар. Сондықтан тұқым бағын дамыту маңызды шаруа. Жалпы, Жаңақорғанның табиғи ерекшеліктеріне бейімделген көшеттерді кез-келген жерде алып кетеді. Әрі мол өнім береді, – деді кәсіпкер.
Арнайы аймақтың артықшылықтарын аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Серік Сейдуалиев түсіндірді.
– Аудан әкімі Ғалым Әміреев жұмыссыздықты азайтып, жастарды кәсіпкерлікке, еңбекке баулу мақсатында алты ауылдық округтен агроаймақ құруға бастамашы болды. Жаңақорған кентінде 50 гектар жер қоршалды. Мұнда тұрғындар бақша және көкөніс дақылдарын егеді. Ол үшін кәсіпкерлікке тіркелуі тиіс. Жер тегін беріледі, – деді жауапты маман.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын экономиканың драйверіне айналдыруға маңыз берді. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, оны тиімді бизнес көзіне айналдырып, тұрақты жұмыс көздерінің ашылуына жағдай жасау қажет-ақ. Осы ретте, агро аймақ ауылшаруашылығын бизнеспен ұштастыратын тиімді жоба. Маңғыстаулық қонақтар осыны зерделеді.
Одан кейін Қыркеңседегі «Мырзабай» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңына барып, 600 бас мүйізді ірі қараны бордақылауға арналған кешенмен танысты. Қонақтар аудандағы мал шаруашылығы бағытындағы жұмыстарға таңданысын жасырып қалмады.
Серік Сейдуалиев Сыр өңіріндегі малдың 40 пайызы Жаңақорған ауданында екенін айтты. Мұны ауданның мал шаруашылығы саласын дамытуға географиялық орналасуы тиімділігі және тұрғындардың ата кәсіпке ептілігімен түсіндірді.
Жалпы, маңғыстаулықтар Жаңақорған ауданындағы үздік тәжірибелерді өздеріне ендіріп, дамудың жолын табуға бел байлап қайтты...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
06 қазан 2018 ж. 1 148 0