№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАҒЫ ДАЛА КҮНІ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАҒЫ ДАЛА КҮНІ СЕМИНАРЫ ӨТТІ



Ағымдағы жылы облыс әкімінің қолдауымен Қаратау беткейіндегі жерлерге богарлық әдіспен ауыл шаруашылығы дақылдарын егу арқылы жер ресурстарын тиімді пайдалану, мал шаруашылығын құнарлы мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Ы. Жахаев атындағы ғылыми зерттеу институтымен бірлесіп Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық округі аумағында 5 гектар жерге майлы және дәнді дақылдарды облыстағы тың жаңалық ылғалсақтағыш технологияларды қолданып егу жобасын қолға алған болатын.
Наурыз айында "Бесарық" шаруа қожалығының базасында таңдалған жерлер өңделіп, аталған дақылдар ылғалсақтағыш «ZEBA» аквагелімен бірге себіліп, күтімге алынып, институт ғалымдарының ұдайы бақылауында болды.
Қазіргі уақытта аталған дақылдар үстеп қоректендіріліп, бидай дақылы қамырлану, мақсары гүлдеу дәуірінде тұр. Дақылдардың пісіп жетілу мерзімдері мамандардың пікірінше қалыпты.
Осы аталған инновациялық жобаны Жаңақорған, Шиелі аудандарының шаруашылықтарына жан-жақты түсіндіру, пайдасын салыстыру және көрсету мақсатында далалық семинар кеңес өтті. Семинарға Жаңақорған ауданы әкімі Ғ. Әміреев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары С. Нұрымбетов, институт ғалымдары, Жаңақорған ауданындағы барлық ауыл әкімдері, шаруашылық құрылымдары мен кәсіпорындар өкілдері және БАҚ қатысты.
Семинар барысында қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, ерекшеліктері түсіндірілді. Шаруашылықтар тарапынан аталған жобаға аса қызығушылық байқалып, алдағы күз айларында және келесі жылы осы әдіспен егіс көлемін көбейтуге ынта білдірді.
Осыған байланысты, аталған инновациялық жобаны одан әрі таратып богарлық әдіспен егіс көлемін ұлғайтуға Ы. Жахаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтына облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және Жаңақорған ауданы әкімдігі тарапынан тиісті қолдаулар жасалатын болды.
22 маусым 2019 ж. 744 0