Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДАЛА ЖҰМЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

ДАЛА ЖҰМЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?


Диқандар дала жұмысына дайындықты бастап кетті. Көп ұзамай жерге дән егіп, маусымдық жұмысты ширата түсетіні анық. Осы орайда, көктемгі егіске дайындық қалай? Қандай дақылға басымдық беріледі? Бұл сұрақтардың жауабын аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрған Базарбаевтан білдік.
Ауданда ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын 743 шаруашылық құрылымдарының 350-і егін шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде, 201 шаруашылық күріш өсіруге маманданған.
– 2018 жылға аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі индикативтік жоспар бойынша 36246 гектарға межеленіп, өткен жылмен салыстырғанда 1447 гектарға артық жер игеріледі, – дейді Тұрған Базарбаев
Барлық дәнді дақылдар 13075 гектарды құраса, оның ішінде 9500 гектары күріш, 2400 гектары бидай, 125 гектар арпа, 500 гектар тары, 1050 гектар дәндік жүгері егу жоспарда бар. Сонымен қоса, 4326 гектар мақсары, 20 гектар күнбағыс, 605 гектар картоп, 1720 гектар бақша, 1000 гектар көкөніс, 4000 гектар жаңа жоңышқа егіліп, 11500 гектар ескі жоңышқа күтімге алынады.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдарында 2300 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 388 гектар жаңа жоңышқа (оның ішінде 80 га жаздық бидаймен, 100 га мақсарымен бүркемеленген), 100 гектар мақсары және 110 гектар жаздық бидай егіліп отыр. Сонымен қатар, күздік бидай дақылының 157 га тырмаланып, 67 га үстеп қоректендірілді.
Бөлім басшысының айтуынша, осы жылдың егісі үшін өткен жылы 2300 гектар күздік бидай егіліп, 128 пайызға артық орындалған. Бүгінгі таңда себілген күздік бидайдың шығысы жақсы деп бағалануда.
– Бүгінгі таңда тұқымның сапасы көңілдегідей. Өткен жылы құйылған 2375 тонна тұқымның 1560 тоннасы тексеруден өткізіліп, оның 1054 тоннасы себу дәрежесіне жеткізілген. Аудан бойынша биылғы көктемгі егіске құйылған 2375 тонна күріш тұқымының 856 тоннасы Лидер, 38 тоннасы Фаворит, 15 тоннасы Айкерім, 10 тоннасы Анаид, 1504 тоннасы Маржан сорттары, – дейді сала басшысы.
Сондай-ақ, қазір қолда бар 29,3 тонна жоңышқа, 7,4 тонна мақсары тұқымдары тексеріліп, 21,1 тонна (72 пайызы) жоңышқа мен 7,4 тонна (100 пайызы) мақсары тұқымы себу дәрежесіне жеткізілген.
Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. 2018 жылдың егісіне қажетті барлық минералдық тыңайтқыштың көлемі 3700 тоннаны құрап отыр. Оның 3365 тоннасы азотты тыңайтқыштар болса, қалған 335 тоннасы фосфорлы тыңайтқыштар. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 1880 тоннасы (51 пайыз) алынған. Сонымен қоса, арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің көлемі 1940 л/кг. Бүгінгі таңда 15 келі гербецидттер сатып алынды.
– Суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстарына тоқталсақ, 2018 жылға аудан бойынша орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз етуі үшін Сырдария өзенінен 650 млн. текше метр су алу межеленіп, оның 100 млн. текше метрі экологиялық ахуалды жақсартуға, көлдерді толықтыру, шабындықтар мен жайылымдықтарды суландыру мақсатына жұмсалады. Қазір барлық магистралды каналдар су алуға дайын, – дейді бөлім басшысы.
Ал, жанармай және техникаға тоқталса, аудан бойынша көктемгі егін және дала жұмыстарына 2285 тонна жанармай бөлініп отыр. Оның 800 тоннасы наурыз айында, 800 тоннасы сәуір айында, қалған 685 тоннасы мамыр айында пайдалануға беріледі. Арзандатылған дизель отынын таратушы-операторы болып «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС-гі белгіленді. Қазіргі таңда аудан орталығына 1000 тонна жанармай бар. Оның әр литрі 142 теңгеден босатылуда.
Ауылшаруашылығы техникаларының көбі жұмыс жасауға дайын тұр. Мәселен, 201 трактордың 89 пайызы, 82 соқаның 87 пайызы, 45 дәнсепкіштің 93 пайызы және 101 трактор тіркемесінің 95 пайызы сақадай сай. Ал, қалғандарына жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Алдағы атқарылатын жұмыс қыруар. Бүгінгі таңда, егіске қажетті минералды тыңайтқыштар мен жанар-жағар май және қаржы көздері толық есептеліп, көктемгі дала жұмыстары үшін «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы «Кең Дала» бағдарламасы бойынша 83 млн. теңге несие алынды. Ал, жетіспейтін қаржы көздерін тарту үшін «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС-мен келісімдер жасалып, көктемгі дала жұмыстары үшін 48 млн. теңге көлемінде қаржы алу бағытында жұмыстар жасалып жатыр.
Айта кетейік, биыл Алматы қаласының Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен аудан әкімдігі арасында ауданда картоп, көкөніс және бақша шаруашылығын дамыту бағытында меморандум жасалынды. Алдағы уақытта аталған институтпен бірлесіп аудан көлемінде ашылған агро-индустриялық аймақтарда тәжірибе алмасып, сонымен қатар, шаруалар осы жұмыстарға тартылады. Нәтижесінде, ауданда картоп, көкөніс және бақша шаруашылығында егіс көлемін екі есеге дейін ұлғайту және институттың сапалы тұқымдарын қолдана отырып, өнімділікті арттыру жолға қойылады.

Айсұлу Ажанқанқызы.
10 сәуір 2018 ж. 1 157 0