№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТОТАЕВ КӨШЕСІ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚҚА бейім

ТОТАЕВ КӨШЕСІ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚҚА бейім


Тілеу Тотаев көшесінде 50-ге тарта тұрғын үй орналасқан. Бұл көшенің ұзындығы 900 метрге жуық. Мәселе көшенің ұзындығында немес тұрғынның санында емес, тазалықтың үлгісінде. Расында Тотаевтың тұрғындары тазалыққа бей-жай қарамайды. Үнемі сенбілік ұйымдастырып, әр тұрғын есік алдын таза ұстауға дағдыланған. Әрі ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырған. Осындай нәтижелі жұмыстың бағасы Ұлыстың ұлы күні берілді. Нақтысын айтқанда, Жаңақорған кентінде «Үздік көше» номинациясына лайықты деп танылды. Бізді қызықтырғаны бұл көшенің өзгелерден ерекшелігі неде?

Соны білмекке көше комитеті Жақсылық Тасбо­латовпен тілдестік.
– Бұл үрдістің қалыптасқанына 30 жылдай болды. Соның нәтижесінде біздің жастар тазалыққа ұқыптылықпен қарайды. Ерте көктемде 100 көшетті арнайы алдыртып, соны отырғызу үстіндеміз. Шыны керек, мұның барлығы балаларды тазалыққа үйрету, өзгелердің көшеге деген таза пейілін қалыптастыру болатын. Бір сөзбен айтқанда, жасалынып жатқан игі істің барлығы балалардың ертеңі үшін, – деп сөз бастады ел ағасы.
Иә, қазір озық отыздыққа ұмтылған әрбір дамушы елдің басты мүддесі ел экономикасының өрлеуі, халықтың тұрмыс сапасын арттыру мен ішкі тұрақтылық. Алайда, тазалық мәселесі бұл елдегі ең басты өзекті мәселесі. Бір сөзбен айтқанда, тазалық бұл – мемлекеттің айнасы. Сондықтан, Сыр өңірі тазалық мәселесіне қатты көңіл бөлуде. Әсіресе, қала келбеті тазарып, көріктеніп келеді.
Тотаев көшесі тұрғындары екі жыл қатарынан көшеге тас төсетіп, жарықты өздері орнатқан. Бұл өзгелерге үлгі болатыны іс, алайда оларды алаңдататын жайттар бар. Ол мүйізді ірі қараның қараусыз қалуы. Соның кесірінен көшеге еккен ағаштар көгеріп те үлгермейтін көрінеді.
– Біз жылда 3-5 жыл болған көшеттерді отыр­ғызамыз. Себебі, ерте алып кетсін деген ниетте, алайда қазір кенттегі тұрғындардың малы ағаш гүлдесе қоймай жатыр. Бұл бір, екіншіден, біздің көше биыл асфальттанбайды деген жауап келді. Осы бізді алаңдатаныны, – деді көше комитетінің төрағасы.
Осы ретте, бір сәт әлем елдеріне зер салып көрейік. Әлемдегi ең таза қала Канаданың 1 млн 100 мың тұрғыны бар – Калгари қаласы екен. Ал, Азия елдері арасында Сингапур мен Жапония көпке үлгі. Жапония елінде «Сенiң жерiң – сенiң ұрпағыңның мәңгiлiк мекенi!» деген ұғым қалыптасқан. Соның нәтижесiнде балабақшадағы бүлдiршiн қағазды көшеге тастамауға тырысады. Олар келер ұрпаққа таза, жасыл мекен қалдырамыз деген ұранды ұстанады.
Сингапурде көшенi ластау өрескел қылмыс саналады. Егер, бұл елде жүрiп, абайсызда түкiрiп қалсаңыз, тамақ қалдығын лақтырып жiберсеңiз үлкен мөлшерде айыппұл төлейсiз. Оның мөлшерi – 100 доллардан 1000 долларға дейiн барады. Алысқа бармай-ақ, көрші өзбек ағайындары әр үй өз есік алдын аптасына екі-үш рет сыпырып, тазалық жұмысын жүргізеді екен.
Тазалық – денсаулық кепілі. Деннің саулығы – тұтас халықтың саулығы. Әлбетте, айтылған «қанатты сөзді» қиюын келтіргенде ғана қолдана салатынымыз бар. Алайда, іске келгенде қаперімізге алмайтын болдық. Көшенің тазалығына атүсті қарағаннан жағалай тау-тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтан көз ашу мүмкін болмай тұр. Бақсақ, біздің бұл елдерден қай жеріміз кем. Сондықтан, сана мәдениетін қалыптастырып, тазалыққа мән берген абзал. Біз сөз еткен Тотаев көшесінің тұрғындары көпке үлгі болсын. Біз тазалықты өзіміден бастайық.
– Жалпы, тазалық өзіміз үшін, өскелең ұрпақ үшін керек. Сондықтан, әрбір тұрғын тазалыққа белсенділік танытуы керек. Шүкір, қазір бұрынғыдай емес, тәртіпсіздік тиылды. Дегенмен, тәртіпті әлі де қатаң ұстау керекпіз. Ең бастысы, тазалыққа деген мәдениетті қалыптастыра білуіміз керек, – деді Жақсылық Тасболатов.

Әли ТЕМІРБЕК.
30 наурыз 2019 ж. 1 405 0