Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірлігі жарасқан БЕСАРЫҚ

Бірлігі жарасқан БЕСАРЫҚ


«Қазақстан – халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналды». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзінен елдің бірлігі мен татулығы нығайғанын, ауызбіршілігі артқанын аңғартатындай. Президенттің қанатты сөзін айшықтай түскен Бесарық бекетіндегі тұрғындар туған жер топырағында тағылымы мол тарту жасады.
Талап ауылдық клуб үйінде "Көшенің татулығы-Елдің татулығы" атты көше тұрғындары арасында сайысқа ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Бесарық бекетіндегі «Қазақстан», «Ауыл жылы» және «Өркендеу» көшесінің командалары бақ сынасты. Ауылдың бірлігі, көшенің тыныс - тіршілігі насихаттау мақсатында өткізілген шарада көше командалары «Біздің көшенің тынысы» тапсырмасы бойынша көше жетістіктері мен қадірменді қарияларын дәріптеді. «Көшенің өмірі-менің өмірім» бөлімі бойынша тұрғындардың тіршілігі туралы көрініс көрсетті. Ал, «Көшенің әні мен сәні» кезеңінде ән мен биге кезек берілді. «Көше саулығы жанның саулығы» атты кезеңінде салауатты өмір салтын насихаттайтын флэшмоб жанрында би ұсынылды.
Осы сайыста қарсыластарын қапыда қалдырған «Қазақстан» көшесінің тұрғындары бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, ауыл азаматтарының өнері мен мәдениеті жоғары екенін аңғартқан «Ауыл жылы» көшесінің командасы екінші орынға, «Өркендеу» көшесінің өнерпаздары үшінші орынға тұрақтады.
Айта өтуіміз керек, бұл шара әлі жалғасын тауып, алдағы уақытта екінші қойылымында сайысқа қатыспаған өзге де көшенің командалары қамтылатын болады. Жыл соңында ең үздік көше командасы анықталатын болады. Бұл жөнінде ойын жеткізген Талап ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы Мақсат Құлмырзаев: «Ауыл ағайындарын ауызбіршілікке шақыратын шараны ұдайы ұйымдастырып тұруды жөн көрдік. Тамаша кештің сценарийін түзіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған Жәнібек Сыздықовтың ізденісін ауыл тұрғындары жоғары бағалайды. Шараға демеушілік жасаған ауыл кәсіпкерлері Болат Тұрлыбеков мырзаға, «Жан» шаруақожалықтың төрайымы Жұмагүл Ажимбековаға алғысым шексіз», – деді.

ТҮЙІН. Талап ауылдық округінің ынтымаққа үндеген игі шарасы көпшіліктің көкейінде жүрген түйіткілдің түйінін тарқатуға серпін берді. Көңілдегі кірбіңді бір сілкіп тастап, көкірегіне жылу сезімі ұялады. Тамаша кеште сөз сөйлеген Жәнібек Сыздықов: «Ауылда тума таланттар көп. Ішінде қайнап өнердің шетін шығарып, бір сәт күйбең тіршіліктен қол босатып, қоғамның бір мүшесі екенін сезіну де бір ғанибет. Осы тұрғыда ауыл өнерпаздарын тасада қалмауын ойладым», – деді. Татулыққа, ынтымаққа, бірлікке бастаған жобаны біз де қуаттап, насихаттауды жөн көрдік.

Мақпал ПАТЕНОВА.
06 ақпан 2018 ж. 1 830 0