№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕРЕКЕ-БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

БЕРЕКЕ-БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

  Наурыз – тіршілік біткеннің қайта түлеуі. Жер-Ананың жіпсіп, ақ көрпесін сілкіп тастап, көк шығып, көркеюіміз. Мал атаулының жайылымға шығып, аузымыздың аққа кеңелуі. Қыбырлаған жаны бар тіршілік атаулының табиғатпен бірге оянуы. Қыстан қысылып шыққан халықтың жылымық келгенге арқа-жарқа боп қуануы. Наурыз келіп, жер арқасы кеңігенде халық алыс-жақын, туған-туыс, көрші-қолаңын іздеп, амандық сұрасып, көрісу салтын жасайды. «Көрісу мейрамы» бүгінде, әсіресе Батыс өңірінде жақсы сақталған. Сондай-ақ бұл мерекеде біреуге өкпе-реңіші бар адамдар өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп, арадағы суық қарым-қатынастың жібін үзіп, қайта табысады.

  Демек, Наурыз – татулықтың, береке-бірліктің мерекесі. Наурыз тойының тағы бір тамаша атрибуттарының бірі - Наурыз көже. Жеті түрлі құнарлы азықтан жасалатын тағам келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әрбір шаңырақта міндетті түрде дайындалады. Бұл күні үй иесі дастарханына қыстан сүрлеп, сақтап келген бар дәмдісін салады. Бұл ізгі ниеттің негізгі мағынасы- келген жаңа жыл молшылық, берекелі жыл болсын дегені.

  Наурыз-бұл өнер мерекесі, еңбек мерекесі. Ұлыстың ұлы күнінде халық бар өнерін ортаға салып, жүзден жүйрік анықталады. Ат шаптырып, аударыспақ ойнап, жамбы атып, балуан күрестіріп, ұлан-асыр той жасайды. Келін түсіру, қоныс тойын тойлау, балаға ат қою, тұсау кесу сынды тамаша дәстүрлерді де осы жаңа күнге орайластырып жатады.
Наурыз- еңбек мерекесі. Жаңа күн, Жаңа жылмен қатар жаңа игі бастамалар дүниеге келеді. Яғни, адам өткен жылын қорытындылап,өз-өзіне есеп беріп, жаңа жылдан жақсылық күтеді. Тіршілігін де, жан дүниесін де ескі дүниелерден тазартып, өкпе-реңіштің барлығын артта қалдырады. Демек, Наурыз-рухани жаңғыру айы.

Е.Раймбек.

24 наурыз 2019 ж. 1 107 0