№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңақорған аудандық сотында «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесінің қарсаңында салтанатты шара өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесінің қарсаңында салтанатты шара өткізілді


Шығыс халықтарының ортақ үлкен мерекесі, бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналатын Наурыз мейрамына орай Жаңақорған аудандық сотында мерекелік шара өтті.

Мерекелік жиынға аудандық сот судьялары мен қызметкерлері, судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісінің иегері ардагер судья К.Көпесова, аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары және «Бітім» медиация қоғамдық бірлестігінің медиаторлары қатысты.
Салтанатты жиынды аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева ашып,  «Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін шақ. Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі. Наурыз – ақ пейіл мен татулықтың, көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке, өткенді саралап, болашаққа жоспар құратын, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалайтын ерекше кезең. Бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын!» – деген тілегін жеткізіп, көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мерекеге орай ұжым мүшелерінің дайындаған «Наурыз көжесі» мен ұлттық тағамдарынан дәм татылып, шара барысы әсем әнмен жалғасын тауып, арнайы дайындалған мерекелік видеоролик көрсетіліп, сонымен қатар мерекелік жиында аудандық соттың ерлер қауымы жүрек жарды ақ тілектері мен мерекелік өлең шумақтарын арнады.
Салтанатты жиында айтылған ақ тілектер мен шырқалған әсем әуендер барша мереке иелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
21 наурыз 2019 ж. 1 309 0