№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕЙРАМЫ

ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕЙРАМЫ

   Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Күн мен Түннің теңесуі ретінде ғана қабылдау жеткіліксіз. Оның астрономиялық мәні тереңде. Яғни, Күн-Түн теңеліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, табиғаттың оянуымен ерекшеленеді. Ең бастысы, Наурыз бірлікті бекемдеп, татулықты нығайтатын мейрамға айналды. Бүгінде елдегі сандаған ұлт өкілдері Наурызды нақышына сай мерекелейді. Соны бірі – Светлана Нещерет.


   – Ата-анам Украинадан Қазақстан­ға тың игеру кезінде көшіп келген. «Қандай заман, қандай жағдай болса да қазақ үшін ештеңеден тарылма. Мен қазақтан қыз алып немесе қазаққа қыз ұзатсам деп армандаймын» деп аманатын айтушы еді әкем. Сол арманды мен орындадым. Қазір қазақ шаңырағының түтінін түтетіп, бес бала өсіріп отырған бақытты анамын, – дейді тегі украин, рухы қазақ ана.
Ол үшін Әз-Наурыз мерекесінің маңызы зор. Қазақ халқының әдет-ғұрпын берік ұстанған ана таңсәріден келген қонағын жайдары жүзбен қарсы алады. Дастарханын жайып, қонақжайлық көрсетеді.
  – Әкем қазақ дейтін елді өте қатты сыйлайтын. Неге десеңіз, қазақтар қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып, демеді. Жалпы, қазақ ұлтының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бауырмалдыққа баулып, адамгершілік пен адалдықты биік ұстауға тәрбиелейді. Ал, Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбиелейтін мейрамымыз. Сондықтан Ұлыстың ұлы күнін жақсы өткізуге мән береміз, – дейді кейіпкеріміз.
  Парсы тілінде аударылғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіретін Наурыз мейрамын ХVІІІ ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып өтсе, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген деген дерек бар. Көктем мерекесі туралы мәліметтер антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі. Сондықтан, Наурыз Еуразия кіндігіндегі халықтарға ортақ мейрамы деуге болады. Бұл ойды Светлана Павловна да қуаттайды.
Ұлт пен ұлыстың татулығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келе жатыр. Осындай бейбітшіліктің аясында Светлана кәсібін дөңгелетіп отыр.
  – Отағасы Махмұттың қолдауымен дүкен ашқанбыз. Қазір тұрғындарға сапалы қызмет көрсетудеміз. Әсіресе, мейрам кезінде жұмыс қарбаласып кетеді. Дегенмен келген қонаққа ұлттық дастархан мәзірін ұсынып, ілтипат көрсетемін. Көшенің Наурызына да белсенді қатысамын. – дейді қазақ тілінде еркін сөйлейтін кәсіпкер.
Отбасының ырысын арттырып, бес қызына тәлімді тәрбие беріп отырған «ақ жеңгенің» көзқарасы қызықтырды...

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
21 наурыз 2019 ж. 917 0