№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Егер қымызды үзбей ішсең, бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің

Егер қымызды үзбей ішсең, бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің

  Атам Айдархан дастархан басында аталы сөздер айтып, ұрпағына тәлімді тәрбие сіңіруге мән беретін. Бір жолғы әңгімесі қымыз жайында өрбіді.
– Шырақтарым-ай, қымыз бойға қуат беретін құнарлы тағам. Оның шипалық дәруін ата-бабамыз ерте замандардан түсініп, тұтынып келді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары нарыққа байланған қоғам қымыздың құнарын ұмытып, ақпарат құралында насихатталатын кола, спрайт, фантаға әуестеніп кетті. Бірақ, бұл сусындар денсаулыққа зиян ғой. Сондықтан, ретін келсе қымызды тұтынуға мән беру қажет, – дегені осы күні санамда жаңғырып жүр.

  Содан аудандық газеттің кезекті нөмірі «Наурыз мерекесіне» жоспарланып, бие ұстап, оның саумалы мен қымызын көпшілікке ұсынып жүргендерді жазу менің еншіме тиді.
Осы орайда, дәмі бал татитын қымыз адамның иммунитетін арттырып, саулығын қамтамасыз етеді, – деген атамның сөздері есіме түсті. Мұны Бердиевтер отбасының келіні Рана Үдербаева да қолдап, қымыздың біз біле бермейтін қасиеттері жайлы айтты.
Дәмі бал татитын, емдік қасиетке ие жылқы сүті, яғни, қымыз әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Құрт ауруларының алдын алады, науқастың иммунитетін арттырып, ссауығуына жақсы ықпал етеді. Ал, саумал-қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе пайдалы. Ашыған қымыз шөлді басып, ағзаны зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады. Бүйрек пен бауырды тазалайды. Сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, гастрит сияқты аурулардың бірден-бір емі.
– Біраз жыл бұрын аяқ астынан денсаулығымыз сыр беріп, дәрігерлер сауығу үшін қымыз, саумал ішіңіздер деп кеңес берді. Содан бие асырып саумалы мен қымызын ем ретінде қабылдап, артылғанын күнкөріс ретінде сатып отырдық. Тұрақты клиенттер саны артқан соң бие басын 20-ға дейін жеткіздік. Қазір екі биеден 10-15 литр саумал аламыз. Ал жаз мезгілінде 20 бас биеден 100-150 литрге дейін сауылады. Осылайша қасиетті жануар өнімі отбасылық кәсібімізге айналды, – дейді Өтеп келіні Рана.
Кәсіпкер шаруашылығын дамытып, кеңейтуді жоспарлап жүр екен. Ол бүгінде туған-туыстарын, таныстарын, басқа да ауыл тұрғындарын толығымен қамтамасыз етіп отыр. Отбасындағы үш ұлы да осы кәсіп соңында.
   – Жылқы деген тазалықты сүйетін жануар. Алатын өніміміз сапалы болуы үшін жем-шөбінінің өзін таңдап аламыз. Биеден алған сүтіміз сапалы болуы үшін ыдыс таза, сапалы, болуы шарт. Уақытында ыстап отыруды да ұмытпау керек. Мен осы айтылғандарды орындағаннан кейін болар ашыған қымызға сұраныс көбейе бастады. Бие сауу оңай кәсіп емес. Қиынға соғатындықтан тірлігіміз көмекші адамның еңбегінсіз өнбейді, үш жылдан бері бір адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жайымыз бар, – деді қымызшы Рана Жақсылыққызы.
Бердиевтер отбасынан бал татыған қымыздан талайлар дәм татқан. Таңғы төрттен бастау алатын қызу тірлік кеш батқанша жалғасады. Арасында биелер 5-6 мезгіл сауылып, киік отымен ысталады. Жақында арнайы саумалды пісіретін аппарат алдыртыпты. Жұмысты жеңілдететін аппаратпен тұрғындарға сапалы өнім беруде. Алдағы уақытта құрт-ірімшік, қолдың майы, бауырсақ дайындап, кәсібін кеңейтуді жоспарлап жүргенін айтты мұратшыл кәсіпкер.
  Қымыз – қазақ халқының қасиетін, дәулетін, дастархан берекесін білдіретін ырысы мол сусын. Қымыздың қасиетін терең түсінген ата-бабаларымыз халықтық деңгейде тұтынып келді. Сондықтан, ата-бабадан қалған ұлттық тағамдарды жанға азық етіп, тән саулығына мән берейік, ағайын!
Лаура БИБАСАРОВА.
21 наурыз 2019 ж. 957 0