№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АРАҚ САТЫЛМАЙТЫН АУЫЛДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

АРАҚ САТЫЛМАЙТЫН АУЫЛДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?


Қазақта «Халықтың бағына туған ұл» деген жақсы сөз бар. Өмірдің өзінен алынған осынау ұлағат белгілі меценат, Қазақстандағы үздік 50 бизнесменнің қатарына енген мультимиллионер Бауыржан Оспановқа арналып айтылғандай. Өйткені, Бауыржан Кеңесбекұлы ауылының жолын салып, электр қуатымен қамтамасыз етіп, өндіріс орындарын ашып, халықтың әлеуметтік мәселелерін реттеп, өзінің перзенттік парызын өтеп жүр. Еліміздегі бірде-бір ішімдік сатылмайтын және ішілмейтін ауыл да осы Бауыржан Оспановтың туған ауылы Жыланды. Ауыл тұрғындары той-томалақта ішімдік пен сыраның орнына қымыз ішеді екен. Ауыл әкімі Әнуарбек Жүнісбеков бұл дәстүр 2010 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқандығын айтады. Осы жеті жылда халықтың еті қымыз ішуге әбден үйренген. Ауыл әкімінің сөзінше, ауылда арақ сатылмауына себепші болған бірден-бір адам – Бауыржан Оспанов. Бауыржан Кеңесбекұлы туған ауылына бар жағдайды жасап қана қоймай, халықты арақ орнына қымыз ішуге үйреткен. Қымызды тегін таратады. Кәсіпкер орталықтағы мешіттердің біріне кез-келген адам кіріп, тегін қымыз ішуіне мүмкіндік жасап қойған. Қазір Жыланды ауылының тұрғындарын қымызбен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкер 20 биесін арнайы халық игілігіне бөлек ұстайды. Әрине, оны сауып, қымызын ашытатын ауыл тұрғындары. Олардың еңбегі үшін кәсіпкер өз қалтасынан тағы айлық төлеп отыр. Осылайша Бауыржан Оспанов ауыл халқына салауатты өмір салтына үйретіп қана қоймай, ұлттық тағамды кеңінен насихаттауды көздейді.
 

Айта кету керек, Forbes.kz жариялаған мәліметке сүйенсек, әрбір қазақ баласы жылына 11 литрге жуық спирт пайдаланады. Сауалнама нәтижесіне көз салсақ, 2016 жылғы көрсеткіш бойынша 21-65 жас аралығындағы қазақстандықтардың 46 пайызы арақты мүлде тұтынбайды. 54 пайызы үздіксіз қолданатындығы белгілі болды. 21 пайыз адам арақты негізгі ішімдік ретінде қолданса, тағы 10 пайызы үшін арақ екінші орында екен. 
Әбдісамат ӘБДІШ
02 қараша 2018 ж. 1 314 0