№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Балабақшадағы мереке

Балабақшадағы мереке


Наурыз тойын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бастады. Төменарықтағы «Сен Сұлу» балабақшасындағы шара мекеменің 5 жылдық мерей тойына тұспа-тұс келіпті. Шараға аудандық білім бөлімі қызметкерлері мен білікті тәрбиешілер қатысып, пікірін білдірді. Салтанатты кеште бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, үш тілде ән айтты. Сондай-ақ, Жаңақорған кентіндегі «Армысың – Әз-Наурыз» атты салтанатты шарада балғындар би билеп, ән айтып, мерекелік кештің көркін кіргізді. Балабақша тәрбиешісі Салтанат Садықованың ұйытқы болуымен өткен жиында ұлттық салт-дәстүр жаңғырып, бесікке салу дәстүрі өтіп, арқан тартыс, қыз қуу сынды ұлттық ойындар ойнатылды. Тағлымы мол шарадан балалар ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі жайлы кең мағлұматқа қанықты. «Ақбала» жеке балабақшасында өткен шара көпшілік есінде қалды. «Аққайың» мемлекеттік балабақшасында тағлымға толы шара өтті. Шарада ұлттық салт-дәстүр насихатталып, тұсау кесу рәсімі жасалды. Аудан орталығында «Асылзатдарын» балабақшасында «Наурыз – жыл басы» мерекелік кеш ұйымдастырылды. Топ бойынша сахнаға көтеріліп, өнер көрсетті. Үздік өнер көрсеткен балалар мекеме басшысы тарапынан бағалы сыйлықтарға ие болды. Үздік тәрбиешілердің жұмысын бағалап, «Алғыс хат» табысталды. Жалпы, аудандағы 123 балабақшада Әз-наурыз мерекесі жоғары деңгейде өтіп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
27 наурыз 2018 ж. 2 428 0