№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 8 наурыз мерекесіне орай салтанатты жиын өтті

8 наурыз мерекесіне орай салтанатты жиын өтті



6 наурыз 2019 жылы Жаңақорған аудандық сотының мәжіліс залында аудандық сот мамандарының және Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісінің иегері ардагер судья К.Көпесова, Қазақ ССР Жоғарғы кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланған, ұзақ жылдар бойы Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылының әкімі қызметін атқарған, қазіргі таңда аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ә.Қыстаубаева және күміс алқа иегері көп балалы ана сот қызметкері Ш.Тұрсынханованың қатысуымен Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева құттықтау сөз сөйлеп, шараға қатысушыларды ару көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір сүрулеріне, жемісті еңбек, мықты денсаулық, шығармашылық табыс, мерекелік көңіл-күй, жанұяларына ынтымақ-бірлік және амандық тілеп мерекемен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде ардагер судья К.Көпесова сот жүйесіндегі қызметі, еңбек ардагері Ә.Қыстаубаева еңбек жолы жайлы әңгімеледі.
Шара барысы әсем әнмен жалғасып, арнайы дайындалған мерекелік видеоролик көрсетіліп, сонымен қатар мерекелік жиында аудандық соттың ерлер қауымы жүрек жарды ақ тілектері мен өлең шумақтарын тарту етті.
Шара соңында К.Көпесова, Ә.Қыстаубаева мен Ш.Тұрсынханова сот ұжымына рахметін айтып, өз алғыстарын білдіріп, баталарын беріп, денсаулық, жұмыстарына табыс, мақсаттарына жетуді тіледі.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
06 наурыз 2019 ж. 1 580 0