№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алғыс айту күні аталып өтті

Алғыс айту күні аталып өтті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2016 жылдан бастап Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланған болатын.
Жаңақорған аудандық сотында Алғыс айту күні аталып өтті.


«Алғыс айту күні» мерекесінің мақсаты – ортақ тарих негізінде қазақтардың және барлық этностардың бір-бірін қолдауы арқылы бірге өткерген қиыншылықтарды ұмытпау негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту болып табылады.
Бүгінгі таңда бұл мереке барлық қазақстандықтар үшін қайырымдылықтың, достық пен бірліктің жарқын үлгісі, ел азаматтарының ынтымағын арттыруға ықпал ететін мереке.
Іс шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Б.Түбекбаева мен аудандық сот қызметкерлері және орыс, кәріс, армян, түрік, өзбек сынды ұлт өкілдері қатысты.
Ә.Б.Түбекбаева алғы сөз сөйлеп іс шараны ашып алғыс айту күні қайырымдылық, достық пен барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббатының жарқын мерекесі. Президенттің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен 1 наурызда ресми жыл сайынғы мерекелік күн бекітілді. Осы мерекенің мақсаттарының бірі - өскелең ұрпақты толеранттылық, достық пен бір-біріне құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ этникааралық келісім мен этникалық байланыстарды нығайту екенін айтты.
Ата – бабаларымыз ұлан ғайыр даланы ұрпақтарына, Қазақстан халқына мирас ретінде сақтап қалғаны үшін және еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевқа мемлекетімізде тұрақтылық пен бейбітшілік орната білгені үшін алғыс білдірудің маңызы өте зор.
Осындай атаулы мерекеде бір-бірімізге сыйластық танытып, жақсылықты жақсылықпен өтеп, ризашылыққа бөленген абзал.
Сот ұжымы осы айтулы мереке қазақстан қоғамының бірлестігі мен достығын одан ары нығайтады деген сенімде.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
28 ақпан 2019 ж. 1 359 0