Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖЕМІСІН БЕРДІ

ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖЕМІСІН БЕРДІ

   2015 жылдан бастап №110 мектеп-лицейі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту жүйесіне көшіп, жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жасап келеді. Зияткерлік мектептердің негізгі бағыты халықаралық талаптарға сай ғылым, экономика және саясат саласын тереңдете оқыту. Яғни, оның негізі әлемдегі таңдаулы мектеп желісінен бастау алады. Міне, осы бағытта әсіресе, ғылыми жобаларды жүзеге асыруда №110 мектеп оқушылары пәндік олимпиадаларда жүлделі оралып жүр. Еңбек еленіп, жуырда мектеп-лицейі құрметке бөленді.
  Алдымен, Назарбаев зияткерлік мек­тептеріне тоқтала кетейік. Бұл мек­тептерде білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель – жара­тылыстану-математикалық бағыттағы экспе­рименталды ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, әрі үштілді ортада оқиды. Екінші модель – негізгі және жоғары мектепте балаларды халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды екен. Олардың ішінде Оксфорд, Кембридж, Лондонның экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындар бар. Міне, осыдан-ақ зияткерлік мектептердің білім сапасын анықтай беруге болады.
Сондықтан, Елбасы «Қазақстан­дық­­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиістігін айтты. Яғни, бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болатыны нақтыланды. Бұл тұрғыдан алғанда Сыр өңірінде серпіліс көп.
2015 жылы облыс әкімінің тапсырмасымен дербес білім беру ұйымдарының президенті Күләш Шәмшидинова өңірдегі 26 білім ошағы меморондумға отырған болатын. Соның ішінде ауданнан №110 мектеп-лицейі еніп, бүгінде жаңа жүйеде жүйелілік бар. Осыны ескерген Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы басқармасы директор Әділмырза Тәждиновтың кеудесіне төсбелгі тақты. Зияткерлік мектептердің қалыптасуына қосқан үлесі үшін ұйымның құрылғанына 10 жыл толу құрметіне арналған мерейтойлық белгіні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қызылорда облысы, педагогикалық шеберлік орталығының аға тренері Жібек Әбдіраманов табыстады.
– Елдің ертеңі, келешектің кілті білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан оқушыларға жаңа бағдарлама бойынша сапалы білім беру өте маңызды. Яғни, жаңа бағдарламаны еңсеру заман талабы. Бүгінгі көрсетіліп жатқан құрмет жалпы мектеп ұжымының жемісі деп білемін. Алдағы уақытта да осы жүйені жүйелеу бойынша жұмыс жасайтын боламыз, – деді Әділмырза Хайруллаұлы.
Айта кететіні, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда білім саласында алдымен мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі өзгертуді тапсырды. Яғни құнды құжатта білім беру ісінде 4К моделін тереңдете түсіндіруді міндетті. Осы тұрғыда алғанда №110 мектеп-лицейде 2013 жылдан бастап даярлық тобы жұмыс жасайды. 7 топ бойынша 180 оқушы қазір білім алуда.
Қорыта айтқанда, биылғы Жолдауда орта мектептің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби жүргізу жүктелді. Бұл тұрғыда алғанда зияткерлік мектептердің бағыты айқын. Яғни, балалар жоғарғы білім ордаларына түскенде дайын мамандық иесі болуға жақындай түседі. Бізге оны №110 мектеп-лицейіндегі білім бағдарламасынан түсіндік.

                                                                                                                                                 Әлібек ТЕМІРБЕК.
11 желтоқсан 2018 ж. 1 012 0