№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СОТ ОРЫНДАУШЫНЫҢ САЛМАҒЫ ҚАНДАЙ?

СОТ ОРЫНДАУШЫНЫҢ САЛМАҒЫ ҚАНДАЙ?

   Қоғамда өз әрекетіне, мемлекет алдындағы міндетттеріне жауапсыздық танытатындар көбейді. Яғни, алимент төлеуге, алған несиені қайтаруға, көлік айыппұлын төлеуге асықпай, немқұрайлық танытатындар аз емес. Осындайда сот орындаушыларының қызметіне жүгінетініміз рас. Сондықтан сот орындаушыларының бір күндік жұмысымен танысқан едік. Уақытпен санаспайтын сот орындаушыларының салмағын, олардың қоғамдағы орнын бағамдап көрдік.

   Сот орындаушысын былайғы жұрт «мәжбүрлеп өндіруші» деп те таниды. Дегенмен нормативтік-құқықтық құжат­тарды қағидасына айналдырған олар тек белгіленген заң шеңбері аясында қызмет атқарады. Алдымен, мемлекеттік сот орындаушы Балқожа Байжановқа жолығып, мән-жайды білдік. Бір түсінгеніміз кеңсенің есігін қаққандардың басым бөлігі аналар екен. Себеп ¬– алимент өндіру.
  – Қазір менің бақылауымда 27 іс тіркеуде тұр. Олардың берешегі 435 199 710 теңге. Мәселен, бір алаяқтық істің құны 235 млн. теңгеден асып жығылады. Сондай-ақ, алимент өндіру бойынша да қиындықтар аз емес, – деді Жаңақорған-Шиелі ауданы бойынша аумақтық бөлімінің аға сот орындаушының міндетін атқарушы.
  Тіркеудегі істің аздығын жауапты маман былай түсіндірді. Өзгертілген Заң бойынша тұрғын үйден шығару, тұрғын үйге кіргізу, құрылысты бұзу, жер телімдерін мемлекет мүддесіне алып қою және мемлекет пайдасына 1000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) жоғары ақшаларды өндіру мемлекеттік сот орындаушының құзырында. Ал, 2,5 млн. теңгеден төмен істер жеке сот орындаушының құзырына өтеді. Сондықтан, уақыт оздырмай жеке сот орындаушы Нұрсәуле Мейірбекованың есігін қақтық.
Жұмысының басым бөлігі жергілікті борышкерлерден коммуналдық төлем, алимент берешегін, қарыз сомасын өндірумен тікелей байланысты сот орындаушысының жұмысы қауырт.
  – Шыны керек, қазір өршіп тұрған мәселенің бірі – алимент өндіру ісі. Менің өзімде 490 әкенің ісі бар. Оның 234-і ғана берешегін мерзімді төлеуде, қалғанына іздеу жарияланды, тіпті темір торға тоғытылғандары да бар. Алайда, нәтиже жоқ. Бұл алимент түйткілі Шиелі мен біз де ғана өршіп тұр, – деді Нұрсауле.
Себебі, өзге ауданда алқа билер, яғни ауыл ақсақалдары мұндай жағдайға жеткізбейді екен. Тіпті, жас отбасыларға бақылау жасап, қайта табыстыруға ақыл-кеңесін жиі айтып отыратын көрінеді.
– Жеке сот орындаушыларының мем­ле­кеттік сот орындаушыларынан айыр­машылығы неде?
– Жеке сот орындаушылары ешкімге тәуелді болмай, жеке табысы арқылы өзін-өзі қаржыландырады. Яғни, қызметі үшін ақыны өндіріп алынған қаржының немесе мүлік құнының белгілі бір пайызынан алады. Дегенмен де олардың құзыретіне, заңды пайдалануына келсек, мемлекеттік сот орындаушысымен тепе-тең.

Қарызды өтеу – парыз

   Сот орындаушыларға артылатын жүк жылдан жылға арта түсті. Бір күннің ішінде оншақты мекенжай бойынша аралау, ісін тіркеу, мүлкін тәркілеу, қоғамдық қабылдау жасау, арызға жауап беру бұл сот орындаушының атқарар жұмысының бір парасы ғана.
Сананы тұрмыс билеген заманда көш­тен қалмау үшін көбі қарызға белшесінен батады. Мұндай сәтте, сот орындаушы да қарап қалмай өзінше әрекетін жасайды. Борышкердің мүлкін тәркілеп, есеп-шотын жабады. Қарызы қордаланған азаматтардан жинақталған соманы өндіріп алу – сот орындаушының кезектегі міндеті.
Несие қарызы қазір кімді болсын тығырыққа тіреді. Заң бойынша, әуелi қарызын қайтармаған адамға белгiлi бiр уақыт аралығында берешегiнен құтылып бiту туралы ескертпе қағаз берiледi. Көрсетiлген мерзiм iшiнде ескертуге құлақ аспаса, сот орындаушы жұмыс берушiмен хабарласып, айлық жалақысынан қарызды жабу шотына аударып отыруды талап етуге және борышкердiң бар мүлкiн тәркiлеп, саудаға салуға құқы бар. Түскен ақша қарызын төлеуге жұмсалады, ал артылып қалғаны болса, иесiне қайтарылады.

Ереже бұзғанның айыппұлы бар

  Сот орындаушысының қабылдаған шаралары өз нәтижесін бермейтін жағ­дайлар да жиі кездеседі. Сот орындаушысы ең алдымен борышкердің банктегі есепшоттарына тыйым салуды қолдануға міндетті. Жауапкершілікті сезінбейтін азаматтар тек банк есеп шоттары бұғатталғанда ғана, не болмаса жылжымайтын мүлкіне тыйым салынғанда ғана әрекет жасай бастайды. Бұдан бөлек кейде борышкердің мүлкі де, табысы да жоқ болып шығады. Сол себепті де борышкер сот орындаушысының ескертпелеріне құлақ аспайды. Мұндай жағдайда сот орындаушысы борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-шы бабында сот актісін орындамағаны үшін 5 тәулікке дейін қамау түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
  – Біздегі жұмыс көп уақыт, шыдам­дылық пен сабырды қажет етеді. Кейде балаларымызбен сырласып, ойына ой қосып, серуендеп, олар қалаған ойынмен ойнап серпілуге уақыт болмай қалады. Жұмыс жүктемесі де күннен күнге ауырлап барады. Үлгеру мүмкін емес секілді көрінеді. Бірақ талап жоғары, үдеден шығу міндет, – дейді олар.

  ТҮЙІН. Біз байқап, жұмысымен танысқан, санаға салмақ салып, тара­зылаған сот орындаушының бір күні қарбаласпен өтуде. Оларды неге қоғам дұрыс қабылдайматынын бүгін біл­дік. Олар да мемлекеттік шеңберден шықпайтын қызметкерлер. Дегенмен, Заң баршаға ортақ мүдде. Осыны ұмытпайық, әсіресе әкелер...

Әлібек ТЕМІРБЕК.
12 наурыз 2019 ж. 949 0