№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жаңақорған аудандық сотында азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен тоқтатылды

  
Жаңақорған аудандық сотында 2 мамыр 2018 жылы талап қоюшы Т. сотқа талап қою арызын беріп, жауапкер С. кәмелетке толмаған баласына қатысты әкелікті анықтау және алимент өндіру жөніндегі азаматтық ісі қаралды.

  Сотта тараптардың адвокаттары тараптар арасында партисипативтік рәсім жүргізіп, тараптар арасында келісім орнағанын, сондықтан дауды (жанжалды) партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, істі тоқтатуды сұрады.
 Сот ұйғарымымен жауапкер С. 31 шілде 2014 жылы туылған А. әкесі екені анықталды және асырап бағу үшін ол кәмелетке толғанша жалақысының және өзге де табысының ¼ бөлігі мөлшерінде ай сайын алимент төлеуге міндетті, тараптар арасында жасалған дауды (жанжалды) партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдері бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
          Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ
          Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының маманы: Б.Қалдыбаев.
10 мамыр 2018 ж. 1 221 0