Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 8 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: СОТ ҚАРАУЫНДА ҚАНДАЙ ІСТЕР КӨБІРЕК ҚАРАЛДЫ?

8 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: СОТ ҚАРАУЫНДА ҚАНДАЙ ІСТЕР КӨБІРЕК ҚАРАЛДЫ?

8 айдың қорытындысымен аудандық сотта 72 қылмыстық іс аяқталған. Қылмыстық істің арасында ұрлық, алаяқтық және бұзақылық істермен қатар есірткі затын заңсыз пайдаланушылар өте көп. Мәселен, 12 іс осы есірткі затына байланысты тіркеліпті. Естеріңізде болса, жыл басында есірткі затына байланысты бірнеше жаңақорғандықтар істі болған еді. Десе де, олардың саны артпаса кемімей тұр.
Сондай-ақ, 130-бап бойынша 6 іс қаралыпты. Бұл аудан сотындағы рекорттық көрсеткіш екен. Ал, азаматтық істер бойынша 490 іс аяқталса, соның 334-не шешім шығарылған. 73 іске соттың бұйрығы шықса, 51-і қысқартылған. Азаматтық істердің көбісі алимент төлеу, банкке қарыз, ажырасу, тұрғын үйге қатысты дауларға қатысты.
Әкімшілік істер бойынша 457 іс аяқталған. Оның 49-ы медиация заңымен шешіліпті. 389-на әкімшілік шара қолданылған. Оның ішінде ұсақбұзақылық, мас күйінде көлік айдау және отбасы дауларына байланысты істер қаралған. Сонда-ай, гатребайтерлерге қатысты 79 әкімшілік іс қозғалыпты.
03 қазан 2018 ж. 976 0